Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Ірі қара малдың өңделмеген терісін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың өңделмеген терісін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 4101) әкетуге екі ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін енгізілген тыйым салу туралы;

2) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                    Лауазымы                                ТАЖ

 

 

Жарияланған: 05.09.2019
Жаңартылған: 05.09.2019
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі