Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ-ны басқару үшiн тұлғаны iрiктеу бойынша конкурс өткiзуді жариялайды

«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ-ын басқаруға арналған тұлғаларды iрiктеу конкурсына қатысу үшiн Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Траспорт Тауэр» ғимараты, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мекенжайына 2019 жылғы 8 тамыздағы қоса мерзімге дейін қатысушылар мынадай құжаттарды тапсырады:

1) электронды және қағаз тасығыштарда № 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға қатысушы толтырған және қол қойған өтiнiм;

2) жеке куәлiктiң және/немесе паспорттың нотариалды расталған көшiрмелерi не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылған кезде көшiрмелерi;

3) конкурсқа қатысушының еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылған кезде оның көшiрмесi;

4) жоғарғы оқу орнын бiтiргендiгi туралы дипломның, сондай-ақ бар болса, магистрлық немесе докторлық бағдарламаларды аяқтағандығы туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшiрмесi не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылған кезде көшiрмелерi;

5) бар болса, сертификаттардың және басқа да наградалардың көшiрмелерi;

6) соттылықтың бар/жоғын растайтын құжат;

7) бар болса ұсыным хаттар;

8) құжаттар шетел тiлдерiнде ұсынылған кезде қосымша мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде нотариалды куәландырылған аудармасы қоса берiледi.

Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар уәкілетті органның ресми веб-сайтында конкурстың екінші кезеңіне өткен қатысушылар тізімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Конкурстық комиссияның қарауына одан әрі шығару үшін мемлекеттік органға еркін нысандағы конкурстық ұсыныстарды ұсынады, ол мыналарды қамтиды:

1) АЭА қызметінің мамандану бейіні ескерілген жұмыс тәжірибесі жазылған анықтама;

2) АЭА даму стратегиясының пайымдауы;

3) АЭА даму тетігі және/немесе схемасы;

4) АЭА-ға инвесторларды тарту тәсілдері;

5) күтілетін нәтижелер (сапалық және сандық көрсеткіштер);

6) мемлекеттің АЭА басқарушы компанияларына құрылтайшылары мен қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, басқару шешімдерін қабылдау және қолдануы жоспарланған әзірлеу тәсілдері.

Сондай-ақ, қатысушы басқарушы компанияны басқару үшiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын басқа да құжаттарды қоса бере алады.

Байланыстағы тұлға: Закумбаев Марлен, тел.: +7 (71 72) 754-919

№ 1 қосымша

 



 

 

фотосуреттiң орны

Конкурсқа қатысуға арналған

өтiнiм

_____________________________________________________________

(кандидаттың тегi, аты, бар болса - әкесiнiң аты көрсетiледi)

_____________________________________________________________

(Басқарушы компанияның атауы)

1. Жалпы мәлiметтер

Туған күнi және орны

 

Азаматтығы

 

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi

 

2. Бiлiмi:

Оқу орнының атауы

Түскен уақыты - бiтiрген уақыты

Мамандығы

Бiлiмi туралы дипломның деректемелерi, бiлiктiлiгi

Оқу орны орналасқан жер

1.

         

3. Ерi (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлi-қарындасы, балалары) және жекжаттары (ерiнiң (зайыбының) ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлi-қарындасы, балалары) туралы мәлiметтер:

Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Туған

жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1.

       

4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы және акцияларын иеленуi туралы мәлiметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлға қызметiнiң жарғылық түрi

Жарғылық капиталдағы қатысу үлесi немесе кандидатқа тиесiлi акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.

     

5. Соңғы үш жылдағы бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi семинарлардан, курстардан өткенi туралы мәлiметтер:

Ұйымның атауы

Өткiзiлген күнi және орны

Сертификат деректемелерi

1.

     

6. Еңбек қызметi туралы мәлiметтер.

Бұл тармақта:

кандидаттың барлық еңбек қызметiндегi атқарған лауазымдары туралы;

осы ұйымның мекенжайы және байланыс телефоны көрсетiлген, осы мәлiметтердi берген күнi кандидат басқа ұйымдарда атқарған лауазымдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

Жұмыс кезеңi (күнi, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртiптiк

жазасының

болуы

Қызметтен шығу,

босатылу себептерi

1.

         

7. Қолда бар жарияланымдары, ғылыми әзiрленiмдерi және басқа да жетiстiктерi:________________________________________________________

(иә/жоқ, бар болған жағдайда күнiн, басылымдарды көрсету)

_______________________________________________________________

8. Кандидаттың бұрын банкрот деп танылған не лицензиясынан айыру, ерiксiз тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылданған қаржы ұйымының басшы қызметкерi болғаны туралы мәлiметтер:__________________________________________________

______________________________________________________________

(иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсiн)

9. Қадағалау органдарының заңнаманы бұзғаны үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттетуi туралы деректердiң болуы:

_______________________________________________________________

_________________________________________________________

(иә/жоқ, күнiн, қолдану негiздерi мен қадағалау органының атауы көрсетiлсiн)

10. Кандидат арнайы экономикалық аймақта жұмыс iстеп жатқан қатысушыларға қатынасы бойынша афилиирленген тұлға болып табылатын-табылмайтын туралы мәлiмет

______________________________________________________________

(иә/жоқ)

Осы ақпаратты мен тексердiм және оның толық әрi дұрыс болып табылатындығын растаймын.

Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)____________________________

(баспа әрiптерiмен)

Конкурсқа қатысушы толтырады:

Мен ___________________________________

(тегi, аты, бар болса – әкесiнiң аты

____________________________________________

Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидаларымен бекітілген талаптарға, сондай-ақ оның талаптарына сәйкес келетінімді растаймын

Күнi ____________________ Қолы _______________________

 

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі