Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыретіне өнеркәсіп, өнерәсіптік қауіпсіздік, геология және жер қойнауын пайдалану, техникалық реттеу және метрология, азаматтық авиация, көлік, жаңа технологиялар, инвестициялар, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері саласындағы 135 мемлекеттік қызметтер кірді.

2018 жылғы 1 қантардан 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен 150250 қызметтер көрсетілді. Есепті кезеңде 22 мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзушылығына жол берілді, бұлар бойынша Көлік және  Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттерінің, «КазАвтоЖол» АҚ қызметкерлеріне тәртіптік жаза шаралары қабылданды, сонымен техникалық реттеу және метрология, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 12 шағым түсті.

Министрлікке бекітілген 135 мемқызметтің, барлық көрсетілетін қызмет түрінің 71,8% құрайтын  97 мемқызмет электрондық түрде және 38 қағаз түрінде көрсетіледі.

Сонымен қоса, 72 мемқызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан  (бұдан әрі - Мемкорпорация) алуға болады.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 13 мемқызмет автоматтандырылды және 2 қызмет Мемкорпорацияға берілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында (бұдан әрі - ВАК) Министрліктің барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің бизнес-процестері қарастырылды.

ВАК қорытындысына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімдерін, құжаттар тізімін, ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру, толық автоматтандыру және Мемкорпорацияға беруді қарастыратын 99 мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру ұсынылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді (ереже, стандарттар және регламенттер) әзірлеу және бекіту кезінде мемқызметті көрсету мерзімін айқындау барысында бірыңғай тәсілді (күнтізбелік күндерді жұмыс күніне ауыстыру бөлігінде), мемқызметті көрсетудің дискрециялық мерзімдерін алып тастау («аса емес», «ішінде», «кем емес» және басқа), сондай-ақ, өтінімді қарау мерзімдерін және Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер бойынша мемлекеттік қызметті алушылардан сұратылатын құжаттар тізбесін қысқарту қарастырылуда.

Министрліктің www.miid.gov.kz ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде барлық мемлекеттік көретілетін қызметтер, нормативтік құқықтық база, сондай-ақ сол не өзгеде мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін құрылымдық бөлімшелердің байланыстары бойынша анықтамалық ақпарат орналастырылған.

2012 жылдың 1 сәуірінен бастап Министрліктің құзыретіне кіретін барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша халыққа консультациялық қолдау көрсететін бірыңғай Call - орталық (1414) жұмыс жасайды.

135 мемлекеттік қызметтердің 30 мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.

Сонымен қатар, 135 мемлекеттік қызметтердің Министрлік көрсететін 72 мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан алуға болады.

Барлық мәселелер бойынша мемлекеттік қызметті алушыларға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты Министрліктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту басқармасына +7(7172)98-33-31 телефоны бойынша немесе Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 1004 іс бөлмеге жүгінуге болады.

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі