ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыретіне Индустриалық даму және өнерәсіптік қауіпсіздік, Геология және жер қойнауын пайдалану, Техникалық реттеу және метрология, Азаматтық авиация, Көлік, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және Инновациялық даму саласындағы 131 мемлекеттік қызметтер кірді.

2019 жылғы 1 қантардан 30 маусымға дейінгі мерзімде Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен 86449 қызметтер көрсетілді. Есепті кезеңде 10 мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзушылығына жол берілді, бұлар бойынша Көлік, Азаматтық авиация,  Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері  және Техникалық реттеу және метрология комитеттерінің  қызметкерлеріне тәртіптік жаза шаралары қабылданды, сонымен Техникалық реттеу және метрология, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 6 шағым түсті.

Министрлікке бекітілген 131 мемқызметтің, барлық көрсетілетін қызмет түрінің 81 % құрайтын  106 мемқызмет электрондық түрде және 25 қағаз түрінде көрсетіледі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі-ВАК) отырысы шеңберінде министрліктің 131 мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес – үдерістері қаралды. ВАК отырыстарының қорытындысы бойынша 103 мемлекеттік қызметті оңтайландыруға ұсынылды, онда мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін, құжаттар тізбесін қысқарту, Ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру, толық автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға беру көзделген. Бүгінгі күні 102 мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша жол картасы бекітілді. ВАК отырыстарының қорытындысы бойынша электрондық үкімет порталына (бұдан әрі – ЭҮП) 19 мемлекеттік қызметті ауыстыру бойынша шешім қабылданды, оның ішінде бүгінгі күні 13 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 6 мемлекеттік қызметті автоматтандыру жоспарлануда (көлік – 2, жер қойнауын пайдалану – 1, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік – 3 салаларында).

Министрліктің www.miid.gov.kz ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде барлық мемлекеттік көретілетін қызметтер, нормативтік құқықтық база, сондай-ақ сол не өзгеде мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін құрылымдық бөлімшелердің байланыстары бойынша анықтамалық ақпарат орналастырылған.

2012 жылдың 1 сәуірінен бастап Министрліктің құзыретіне кіретін барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша халыққа консультациялық қолдау көрсететін бірыңғай Call - орталық (1414) жұмыс жасайды.

131 мемлекеттік қызметтердің 27 мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.

Сонымен қатар, 131 мемлекеттік қызметтердің Министрлік көрсететін 44 мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан алуға болады.

Барлық мәселелер бойынша мемлекеттік қызметті алушыларға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты Министрліктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту басқармасына +7(7172)98-33-31 телефоны бойынша немесе Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 2402 іс бөлмеге жүгінуге болады.