Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы №378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

«Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы №378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы №378 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15478 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қыркүйекте «Казахстанская правда» газетінің № 171 (28550) санында жарияланған):

кіріспе мына редакцияда баяндалсын:

«Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 108 бабына және «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10 бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға аталған бұйрықпен бекітілген экипаж мүшесі куәлігін беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда баяндалсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

                   ТАӘ

 

Жарияланған: 13.02.2020
Жаңартылған: 13.02.2020
© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі