Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ 2018 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАЗАНДАҒЫ № 749 БҰЙРЫҒЫНА ТОЛЫҚТЫРУ ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«ӘУЕЖАЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН ӘУЕАЙЛАҚҚА ЖӘНЕ ЖЕРДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТАУАРЛАРЫНЫҢ, ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ, ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТІЗБЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ 2018 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАЗАНДАҒЫ № 749 БҰЙРЫҒЫНА ТОЛЫҚТЫРУ ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-2-бабының 1-тармағын орындау үшін «Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 749 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасы әзірленді.

Бұйрық жобасымен әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесіне, әуе көліктегі халықаралық рейстер бойынша ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді азаматтық авиация саласындағы  уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ұсыну бойынша жаңа қызметті енгізуді қарастырады.

Жаңа қызметті енгізу Қазақстанға ұшатын барлық авиакомпаниялардан барлық әуе жолаушылары туралы мәліметтерді жинау үшін Қазақстанда бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тұжырымдамасы мен келісімшартын орындау болып табылады.

Жоба, сондай-ақ, ҚР-на/нан және ішінде ұшатын жолаушылар туралы мәліметтерді құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға мониторинг жүргізуге және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін тұлғалар анықтауға бағытталған.

Бұйрық 2019 жылғы «14» қаңтарда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған.

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі