Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығыбұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының   2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығыбұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1 «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 11528  нөмірімен тіркелген, 2015 жылы 1 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау және «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiкті беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабы 1-тармағына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Осы бұйрықпен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында:

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңдарына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау жүргізу және куәліктерді беру тәртібін, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісу және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібін айқындайды.»;

Жарияланған: 14.01.2020
Жаңартылған: 14.01.2020
© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі