Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығына (Заң актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде №11379 болып тіркелген, «Әділет» құқықтық ақпараттық жүйесінде 2015 жылдың 15 шілдесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

 «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-53 тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңының 10-бабының 1 тармақшасына сәйке БҰЙЫРАМЫН:

1.Көрсетілген бұйрықпен бекітілген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің азаматтық авиация комитетіне:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Жарияланған: 13.02.2020
Жаңартылған: 13.02.2020
© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі