Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕЙБІР БҰЙРЫҚТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ.

Бұйрық жобасында мынадай құқықтық-нормативтік актілерге өзгертулер мен толықтырулар қарастыру көзделеді:

  • 2018 жылғы 24 мамырдағы №№380 және 381 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығындағы техникалық қателіктер;
  • «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 76 бабының 1 тармағына сәйкес  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 25 мамырдағы 2018 жылғы №393 бұйрығына.

Бұйрықты қабылдаудың мақсаты бастапқы геологиялық құжаттаманы айқындау, геологиялық ақпарат сақталатын магниттік жеткізгіштерді сақтаудың шарттары және бұрын бекітілген бұйрықта болмаған көмірсутегі шикізат және жер асты су қорларын мемлекеттік есепке алу нысандарын толықтыру.

Бұйрық 2019 жылғы «18» қаңтарда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2060339).

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі