Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы»

БҰЙЫРАМЫН:        

1. «Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7785 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 23 тамызда № 540-545 (27618) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережеге:

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тұрғын үй комиссиясы дауыс беру құқығы бар тақ санды кемінде бес адамнан (орталық мемлекеттік органдарда кемінде жеті) оның ішінде кәсіподақ ұйымының өкілдерінен (болған жағдайда), уәкілетті орган қызметкерлерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен, сондай-ақ тұрғын үй комиссиясының хатшысынан қалыптасады.

4. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:

уәкілетті органның бірінші басшысы (орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда);

жауапты хатшы немесе «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығының 3-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Жарлық) оның міндетін атқарушы тұлға (орталық мемлекеттік органдарда);

аппарат басшысы немесе уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарлары (жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық мемлекеттік органдарда);

заң қызметінің басшысы (болған жағдайда);

қаржы қызметінің басшысы;

кадр қызметінің басшысы;

Тұрғын үй комиссиясының хатшысы;

үштен аспайтын кәсіподақ ұйымының өкілдері (болған жағдайда);

үштен аспайтын уәкілетті органның басқа да өкілдері;

үштен аспайтын қоғамдық ұйымдардың өкілдері.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Тұрғын үй комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған, тұрғын үй комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Тұрғын үй комиссиясының отырысы заңды болып табылады, егер ол отырысқа тұрғын үй комиссиясы мүшелерінің (құрамының) жалпы санының үштен екісі қатысса.».

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі                      Ж. Қасымбек

Жарияланған: 11.01.2019
Жаңартылған: 11.01.2019
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі