Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсандағы отырысына өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі бойынша тезистер

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті әріптестер!

Еңбек өнімділігі еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы.

2-слайд

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жетекшілік ететін экономиканың негізгі салалары бойынша биыл бірінші жартыжылдықта (өткен жылдың сәйкес кезеңімен) оң динамика байқалады. Көлік саласында көрсеткіш - 3,1%, құрылыста - 9,3%,өнеркәсіпте көрсеткіш 4,3%-ке өсті.

Өнеркәсіп салалары бойынша өсім тау-кен өнеркәсібі (өсім 9,1%-ке) мен сумен жаблықтауда (өсім 3,3%-ға) байқалып отыр.

3-слайд

Алайда, 2018 жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің индексі 98,2%-ті құрады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі кері динамика саланың 40%-тен астамын қамтитын металлургиядағы еңбек өнімділігінің төмендеуімен байланысты.

Металлургиядағы өндірістің жалпы өсімі 3,7%-ті (қара металлургия 1,4% - ға және түсті металлургия 5,5% - ға) құрағанына қарамастан, еңбек өнімділігінің көрсеткіші 7,4%-ке төмендеді.

4-слайд

Көрсеткіштің төмендеуі жыл басынан бері негізгі металл түрлері бағаларының орташа 9-20%-ке құлдырауынан болып отыр (Лондон металдар биржасының ақпараты бойынша 2017 жылғы 20 желтоқсаннан 2018 жылғы 20 желтоқсанға дейін, бұған АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда соғыстары АҚШ долларының нығаюына әсер етті).

Атап айтқанда, мырыш 20%-ке (3217 мың АҚШ долларынан/тоннасына 2600 мың АҚШ долларына дейін), алюминий 8%-ке (2091 мың АҚШ долларынан/тоннасына 1922 мың АҚШ долларына дейін)), мыс 13%-ке (6 924 мың АҚШ долларынан/тоннасына 6014 мың АҚШ долларына дейін)); қорғасын 23%-ке (2542 мың АҚШ долларынан/тоннасына 1961 мың АҚШ долларына дейін)),  күміс 9%-ке (16,2 мың АҚШ долларынан 14,8 мың АҚШ долларына дейін) төмендеді.

Өткен жылы фармацевтикалық саладағы өнімділік 138,3%-ті құраған болатын. Биыл өткен жылғы базаның жоғары болуына байланысты көрсеткіш 17,4%-ке қысқарды.

Бұдан бөлек, биыл "Химфарм" Акционерлік қоғамы кәсіпорнында жөндеу жұмыстары жасалғандықтан (үлесі 45%), өндіріс көлемі 24%-ке төмендеді (1 052 585 кг-дан 804 168 кг-ға дейін).

Жоспардың толық орындалмауына жұмыспен қамтылғандар санының өсуі де әсер етті.

2018 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 45,1 мың адамға немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9 %-ке өсті (505,5-тен 550,6 мың адамға дейін – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды есептемегенде).

Көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, бірқатар секторда оң динамика бар.

Мысалы, өнімділік машина жасауда 11,5%-ке, химия өнеркәсібінде 9,2%-ке және жеңіл өнеркәсіпте 1,6%-ке ұлғайды.

Слайд 5

2018 жылдың жартыжылдығында 9 өңірде еңбек өнімділігі өсті. Олар: Қызылорда (153,9%,), Батыс Қазақстан (126,3%), Маңғыстау (122,9%), Қостанай (108,7%), Ақтөбе (105,3 %), Павлодар (104,7%), Ақмола (104,2 %), Қарағанды (100,2%) облыстары және Алматы қаласы (108,0%).

Бақытжан Әбдірұлы, Мемлекеттік бағдарламада жоспарланған өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімін қамтамасыз ету шараларын қабылдау үшін өңірлерге тапсырма беруіңізді сұраймын.

 

Слайд 6

Еңбек өнімділігін арттыруға кедергі болатын тағы фактор – ол өңдеу өнеркәсібі салаларын дамытудың технологиялық деңгейі.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының 80 процентінен астамы қол еңбегін немесе жартылай автоматтандырылған өндірісті қолданып отыр. Яғни, әлі автоматтандыруға көшу кезеңінде.

Осыған байланысты, біріншіден, қаржылық қолдау құралдарын дамыту арқылы кәсіпорындарды жаңғыртуды инвестициялауға ынталандыру қажет. Көлемі мен ұзақ мерзімді қаржыландыру қолжетімділігін арттыру, озық жабдықтар мен технологияларды пайдалану тұрғысынан мемлекеттік қолдау алатын жобаларға қойылатын талаптарды күшейту керек.

Екіншіден, өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жоспарланған шараларды іске асыруды жалғастыру, оның ішінде кәсіпорындарға қойылатын технологиялық талаптар мен стандарттарды арттыру.

Слайд 7

Жалпы, еңбек өнімділігі мәселелері Үкіметтің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025-ші жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу кезінде ескерілді.

Еңбек өнімділігі Индустрияландырудың үшінші бесжылдығының негізгі индикаторларының бірі болып айқындалды.

Назарларыңызға рақмет!

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі