Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің  20-бабына,«2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №325 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Түркістан облысының Арыс қаласындағы жаңа тұрғын алабына инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін 2019 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен шұғыл шығындарға көзделген 831 046 000 (сегіз жүз отыз бір миллион қырық алты мың) теңге сомасында нысаналы даму трансферттері түрінде Түркістан облысының әкімдігіне аудару үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Энергетика министрліктеріне қаражат бөлінсін;

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

3. Түркістан облысының әкімі 2019 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және Қазақстан Республикасының энергетика министрлігіне  есеп берсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          А. Мамин

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі