Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 және «Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

«Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы»

2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 және «Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы»

2016 жылғы 28 шілдедегі № 348 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 10571 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережеде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Тұрғын үй инспекциясының заңдық мәртебесі»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Тұрғын үй инспекциясының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері»;

16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тексеруді 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізеді;»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Тұрғын үй инспекциясын басқару»;

5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-тарау. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін құру тәртібі»;

6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«6-тарау. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі»;

7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«7-тарау. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу тәртібі»;

8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«8-тарау. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату»;

2) «Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2016 жылғы 28 шілдедегі № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14182 болып тіркелген, 2016 жылғы                       28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартының үлгілік нысанында:

3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сенімгерлік басқарудың нысанасы Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және шарттармен сенімгерлік басқаруға беріледі.»;

17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Құрылтайшының Сенімгерлік басқару нысанасын Сенімгерлік басқарушыға беруді Шартқа қосымшаға және тіркеушіге Сенімгерлік басқару нысанасымен мәмілелерді тіркеуге жіберілген Тараптардың кері бұйрықтарына сәйкес нысан бойынша Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған Сенімгерлік басқару нысанасын қабылдау-тапсыру актісі негізінде Сенімгерлік басқару нысанасымен мәмілелерді Құрылтайшының тіркеушісінде тіркеу жолымен Тараптар жүзеге асырады.»;

шартқа қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрі                                                                               Р. Скляр

Жарияланған: 09.08.2019
Жаңартылған: 09.08.2019
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі