Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстан Республикасында жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін бағалау бойынша Еуропалық бағдарламасын ендіру бойынша қызығушылық танытуды ұсыну мерзімін ұзарту

САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ АРНАЙЫ ХАБАРЛАМА

          Қызығушылық танытуды ұсыну мерзімін ұзарту

 

ЕЛ:                                      Қазақстан Республикасы

ЗАЕМ №:                             8156-KZ

ЖОБА:                                 Шығыс-Батыс автомобиль жолдарын дамыту

ТАПСЫРМА:                      Қазақстан Республикасында жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін бағалау бойынша Еуропалық бағдарламасын ендіру

КЕЛІСІМ-ШАРТ №           EWRP/QCBS-2018/EURISAP

 

Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта құру және Даму банкінен (ХҚДБ)         «Шығыс-Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы үшін қарыз алды және аталған қарыз қаражатының бір бөлігін Қазақстан Республикасында жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін бағалау бойынша Еуропалық бағдарламасын ендіру (Тапсырма), Келісімшарт № EWRP/QCBS-2018/EURISAP аясындағы жұмыстардың консультациялық қызметтерін төлеу үшін пайдалануды көздейді.

Тапсырманың ұзақтығы 12 айға созылады деп күтілуде.

Тапсырманың толық сипаттамасы келесі сілтеме арқылы қолжетімді Техникалық Тапсырмаларда берілген: www.mid.gov.kz

Тапсырма шеңберінде негізгі міндеттер:

 

  1. «EuroRAP озық біліміне арналған ұлттық платформа» бойынша негізгі құжаттамалар дайындау;
  2. EuroRAP бойынша аттестацияланған ұлттық сарапшылар тобын оқыту және тәжірибеден өткізу;
  3. EuroRAP бойынша жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін бағалауды жүргізу;
  4. Ұлттық заңнамаға EuroRAP-ты енгізу бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар дайындау.

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті (бұдан әрі – Комитет), жобаны іске асыруға жауапты мекеме – құқылы консультациялық компанияларды (бұдан әрі – Консультанттар) Тапсырма шеңберінде өз қызығушылықтарын білдіруге шақырады. Қызығушылық танытқан консультанттар Тапсырманы орындауға өздерінің қажетті біліктілігі мен сай келетін тәжірибесін сипаттайтын ақпаратты ұсынуы тиіс.

 

Қысқаша тізім шарттары келесідей:

 

  • Тапсырма шеңберіндегі жалпы тәжірибесі бес (5) жылдан кем емес;
  • Ұқсас жобаларды (сипаттамасы мен ауқымы) Экономикалық Әріптестік пен Даму Ұйымы (ЭӘДҰ) елдерінде орындаудың ерекше тәжірибесі; кемінде 2 жобаның орындалуы;

 

Консультанттармен қызығушылық танытудың орыс тіліне аударылған нұсқасын ұсыну құпталады. Алайда орыс тіліндегі нұсқаны ұсынбау қысқаша тізімді қалыптастыруға әсер етпейді.

Қызығушылық таныту көлемі 50 (елу) бетке дейін шектелген.

Қызығушылық танытқан консультанттардың назарын Нұсқаулық:Бүкіләлемдік Банктің заем берушілерімен консультанттарды іріктеу және жалдау [ХҚҚДБ заемдары және IDA несиелері мен гранттары шеңберінде] [2011 жылдың қаңтары] (“Консультанттар бойынша нұсқаулық”) 1.9 тармағына аударамыз, мұнда Бүкіләлемдік Банктің тараптардың келіспеушілігіне қатысты саясаты сипатталады.

Консультанттар басқа компаниялармен біріккен кәсіпорын нысанында немесе суб-консультант негізінде өз біліктіліктерін арттыру мақсатында біріге алады. Әріптестік нысаны Қызығушылық танытуда нақты көрсетілуі тиіс.

Консультант сапа мен құн негізіндегі іріктеу тәсіліне сәйкес консультанттар үшін нұсқаулықта көрсетілгендей іріктеледі.

Толық ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс уақыты 09:00-ден 18:30 аралығында, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін алуға болады.

Қызығушылықты білдіру төменде көрсетілген мекенжай бойынша (қарапайым пошта немесе электронды поштамен) 2018 жылы 13 қыркүйек, дүйсенбі күні сағат 16:00 дейін жазбаша түрде жеткізілуі тиіс.

 

Назар аударуға: Сұлтанов Д. – Жобаларды дайындау басқармасының басшысы

Автомобиль жолдары комитеті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 

Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, Transport Tower Building, Астана, Казахстан 

Тел: +7 (7172) 75 46 66, +7 (7172) 75 46 40

E-mail: d.sultanov@mid.gov.kz, k.utepbergenov@mid.gov.kz

 

 

 

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі