Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ Жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар:

1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі бойынша – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне;

«Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл» бөлімі бойынша – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (келісім бойынша) есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі бойынша іс-шараларының орындалуына жүргізілген мониторинг және бағалау туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі есепті жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың «Көлеңкелі экономикаға қарсы  іс-қимыл» бөлімі бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне:

1) есепті жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей Жоспардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі бойынша іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін;

2) есепті жылдан кейінгі 15 сәуірден кешіктірмей Жоспардың «Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл» бөлімі бойынша іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                    Б. Сағынтаев

 

Жарияланған: 31.05.2018
Жаңартылған: 14.08.2018
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі