Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу

 

«Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 863 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің     2013 жылғы 27 тамыздағы № 863 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 704-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. ТЖК кәсіби дипломы (кәсіби диплом растамаcы) бар немесе жүзу практикасынан өту үшiн кемелерге жiберiлетін оқу орындарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi.

ТЖК сондай-ақ Қазақстан Республикасында тiркелген кемеде жұмыс iстеу үшiн жалданған шетелдіктерге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға берiледi.

ТЖК бес жыл қолданылу мерзімімен берiледi.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. ТЖК-нi ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші туралы мәліметтерді қамтитын ТЖК-ні беру туралы өтiнiш-сауалнаманы (бұдан әрi – өтiнiш-сауалнама) толтырады және ПТӘ-ге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) мемлекеттік баж салығының сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат;

3) оқу орнынан анықтама (жүзу практикасынан өту үшiн кемелерге жiберiлетін оқу орындарында оқитындар үшiн).

Көрсетілген құжаттармен бiрге олардың көшiрмелерi ұсынылады. Салыстырып тексеруден кейiн құжаттардың түпнұсқалары олардың иесiне қайтарылады.»;

8-тармақ алып тасталсын;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. ТЖК беруге арналған құжаттарды ПТӘ-ге ұсынуды өтiнiш берушi өзі жүзеге асырады.

ТЖК-ні ресімдеу және беру мерзiмi өтiнiш берушiнің осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттарын қабылдаған сәттен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.»;

14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) кәсіби дипломы (кәсіби диплом растамаcы) немесе оқу орнынан анықтамасының болуы;»;

15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. ТЖК-нi ресiмдеудi ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсу бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде өтiнiш-сауалнаманы Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша жіберу арқылы жүргізіледі.

16. ТЖК-нi ресiмдеудi келiсу кезiнде ұлттық қауiпсiздiк органдары келiсу туралы ақпаратты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша жібереді.

Өтініш берушіге қатысты ТЖК-ні беруді келісуге кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жағдайда ұлттық қауіпсіздік органдары бұл туралы ПТӘ-ге Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша  хабарлайды.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетiлген ТЖК-ні ресімдеу үшiн негiздердi тексерулердiң терiс жағдайында ТЖК ресiмделмейдi. Бұл жағдайда өтiнiш берушiге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама беріледi, онда ТЖК-ні беру үшiн кедергi болатын негiз және ТЖК-ні беруден бас тарту туралы шешiмнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi.»;

25 және 26-тармақтар алып тасталсын;

осы Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы Қағидаларға 2-қосымша алып тасталсын;

осы Қағидаларға 5-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы Қағидаларға 7-қосымша алып тасталсын;

осы Қағидаларға 8-қосымшада:

бағанарлар, реттік нөмірлері 4, 5 және 6, алып тасталсын;

осы Қағидаларға 9-қосымша алып тасталсын.

2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі