Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2019 жылғы 3 сәуірдегі 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
  2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
  3. «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы болып айқындалсын.
  4. Мыналардың:
  1. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 310 қаулысының;
  2. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағының күші жойылды деп танылсын.
  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          А. Мамин

 

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі