Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстанның құрылыс секторына еурокод енгізу кезеңі аяқталуда

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша баспасөз маслихаты өтті.

Шараға ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов пен  «ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев қатысты.

Кездесу барысында Бейбіт Шаханов қазіргі уақытта еурокодты енгізу және нормативтік базаны жетілдіру кезеңі аяқталып қалғанын айтты. Бұл - шетелдік инвесторлардың жолындағы кедергілерді жоюға және ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септеседі. Сондай-ақ, ол заманауи материалдар мен инновациялық технологияларды енгізу үшін де қажет.

«Бүгінде құрылыс саласында BIM-технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл – құрылыстың барлық кезеңдерінде ғимаратты басқаруға мүмкіндік береді (жобалау, құрылыс және пайдалану). Аталған жаңашылдықтың бір артықшылығы -  энергия тиімділікті жобалауда қолданылады (яғни құрылыстың жобалау кезеңінде объектінің пайдалану шығындарын білетін боламыз)»,-деді комитет төрағасының орынбасары.

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта құрылыс индустриясын цифрландыру аясында сараптама жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы 100% электронды түрде алу қарастырылған.

Баспасөз конференциясы барысында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту тақырыбы да талқыланды.

«Қазіргі уақытта МЖӘ негізінде инфрақұрылымды жаңғырту стратегиясын әзірлеу мақсатында біз іске асырылатын жобалардың мәртебесі мен оларды дайындау мәселелері туралы ақпараттарды өзектендіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. ТКШ «ҚазОрталығы» МЖӘ жобаларын әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етуге дайын және жобаларды дайындау мен іске асыру жөнінде кеңес беруге дайын екендігін атап өткім келеді»,-деді Нұрсұлтан Жиенбаев.

Бұдан бөлек, «цифрлы экономика» құралдарды енгізу арқылы «E-Shanyraq» интеллектуалды ақпараттық жүйесін дамыту жұмыс басталды. Бұл жүйе барлық сектордың қатысушылары үшін, әсіресе үй тұрғындары үшін бизнес-процестердің ашықтығын арттырады. Болашақта бұл Қазақстанның инфрақұрылымы мен тұрғын үй кешеніне әлеуетті инвесторлардың қызығушылығын арттырады.

Сурет ашық ақпарат көзінен алынды

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі