Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17025 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесi:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2298, 2299, 2300, 2301, 2302, 2303, 2304, 2305, 2306, 2307, 2308, 2309, 2310, 2311, 2312, 2313, 2314, 2315, 2316, 2317, 2318, 2319, 2320, 2321, 2322, 2323, 2324, 2325, 2326, 2327, 2328, 2329, 2330, 2331, 2332, 2333, 2334, 2335, 2336, 2337, 2338 және 2339 - жолдармен толықтырылсын:

«

2298

Уран гексафториді, радиоактивті материал, бір қаптамаға кемінде 0,1 килограмм, босаған қаптама, бөлінбейтін немесе бөлінетін - босаған

3507

6.1

2299

Ассиметриялық конденсатор (энергия сыйымдылығы 0,3 вт.с. астам)

3508

9

2300

Тазартылмаған, бос, жарамсыз ыдыс

3509

9

2301

Тұтанатын адсорбцияланған газ, н.к.

3510

2.1

2302

Адсорбцияланған газ, н.к.

3511

2.2

2303

Адсорбцияланған газ, уытты, н.к.

3512

2.3

2304

Тотықтыратын адсорбцияланған газ, н..к.

3513

2.2

2305

Уытты, тұтанғыш, адсорбцияланған газ, н.к.

3514

2.3

2306

Уытты, тотықтырғыш, адсорбцияланған газ, н.к.

3515

2.3

2307

Уытты, коррозиялық/күйдіргіш, адсорбцияланған газ, н.к.

3516

2.3

2308

Уытты, тұтанғыш, коррозиялық / күйдіргіш, адсорбцияланған газ, н.к.

3517

2.3

2309

Уытты, тотықтырғыш, коррозиялық / күйдіргіш, адсорбцияланған газ, н.к.

3518

2.3

2310

Адсорбцияланған трифторид борасы

3519

2.3

2311

Адсорбцияланған хлор

3520

2.3

2312

Адсорбцияланған тетрафторид кремнийі

3521

2.3

2313

Адсорбцияланған арсин

3522

2.3

2314

Адсорбцияланған герман

3523

2.3

2315

Адсорбцияланған пентафторид фосфоры

3524

2.3

2316

Адсорбцияланған фосфин

3525

2.3

2317

Адсорбцияланған селенид сутегі

3526

2.3

2318

Полиэфирлі шайыр жиынтығы, қатты негізгі зат

3527

4.1

2319

Тұтанғыш сұйықтықта жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышы немесе құрамында тұтанғыш сұйықтық бар отын элементтерінде жұмыс істейтін қозғалтқыш немесе тұтанғыш сұйықтықта жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышы бар механикалық жабдық немесе құрамында тұтанғыш сұйықтық бар отын элементтерінде жұмыс істейтін механикалық жабдық

3528

3

2320

Тұтанғыш газбен жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышы немесе тұтанғыш газы бар отын элементтерінде жұмыс істейтін қозғалтқыш немесе тұтанғыш газбен жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышы бар механикалық жабдық немесе құрамында тұтанғыш газ бар отын элементтерінде жұмыс істейтін механикалық жабдық

3529

2.1

2321

Іштен жану қозғалтқышы немесе іштен жану қозғалтқышы бар механикалық жабдық

3530

9

2322

Қатты, тұрақтандырылған, полимерленетін зат, н.к.

3531

4.1

2323

Сұйық, тұрақтандырылған, полимерленетін зат,н.к.

3532

4.1

2324

Температурасы реттелетін қатты полимерленетін зат

3533

4.1

2325

Температурасы реттелетін сұйық полимерленетін зат

3534

4.1

2326

Тұтанатын, бейорганикалық уытты қатты зат, н.к.

3535

6.1

2327

Жүк тасымалдау бірлігінде орнатылған литий батареялары, литий-ионды немесе литий-металл батареялары

3536

9

2328

Құрамында тұтанғыш газ бар бұйымдар, н.к.

3537

2.1

2329

Құрамында тұтанбайтын улы емес газ бар бұйымдар, н.к.

3538

2.2

2330

Құрамында уытты газ бар бұйымдар, н.к.

3539

2.3

2331

Тұтанғыш сұйықтығы бар бұйымдар, н.к.

3540

3

2332

Тұтанатын қатты зат бар бұйымдар, н.к.

3541

4.1

2333

Өздігінен тұтануға бейім зат бар бұйымдар, н.к.

3542

4.2

2334

Сумен жанасқан кезде тұтанғыш газ бөлетін зат бар бұйымдар, н.к.

3543

4.3

2335

Құрамында тотықтыратын зат бар бұйымдар, н.к.

3544

5.1

2336

Органикалық пероксиді бар бұйымдар, н.к.

3545

5.2

2337

Құрамында уытты зат бар бұйымдар, н.к.

3546

6.1

2338

Құрамында коррозиялық / күйдіргіш заттар бар бұйымдар, н.к.

3547

8

2339

Әртүрлі қауіпті жүктер бар бұйымдар,н.к.

3548

9

».

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрі                                                                             Р. Скляр

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі