Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Көлік комитетінің төрағасы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағысы Әсет Асавбаев ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру аясында Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Комитет басшысы «Нұр Отан» партиясының кеңсесінде азаматтарды қабылдап, аймақтың активімен және тұрғындарымен кездесу өткізді.

2017 жылы Қызылорда облысының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 241,5 млрд. теңгеге жетті. 2017 жылдың 9 айында Қызылорда облысына тартылған тікелей шетелдік инвестиция 143,9 млн. АҚШ долларын құрады. Аймақтың өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылдың қаңтар айында шамамен 1,5 млрд. теңге болды.  

Үш жылда аймақта Индустриаландыру картасы аясында 5 млрд. теңгенің 4 жобасы іске қосылды. Қазір 19 жоба жүзеге асырылуда. Ондағы 2 жоба биыл іске қосылады.

2017 жылы облыстың автомобиль жолдары желісін дамыту аясында жалпы көлемі 5,4 млрд. теңге қаржы бөлінді. 2018 жылы тағы 7,5 млрд. теңге бөлу қарастырылған.

Жолдарды әрі қарай тиімді пайдалану үшін ведомство Зияткерлік көлік жүйесін жасауда. Бұл жүйе жүргізушілерге жолдардағы климат жағдайы туралы ақпарат береді, бейне бақылау жүргізіп, жол жүру ережелерін бұзғандарды анықтайды.

Бұдан бөлек, биыл жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында 18 вокзалда ақпараттық таблодан, видео талдаудан, жолаушылар үшін электрондық байланыс жүйесінен, веб-портал жасаудан және мобильді қосымшалардан тұратын  «цифрландырылған концепцияны» енгізу жоспарланып отыр. Бұл жүйелер Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Орал, Шымкент, Атырау, Қостанай, Өскемен, Ақтау, Қызылорда, Тараз, Семей, Көкшетау, Шу және Бурабай қалаларының вокзалдарына орнатылады.   

2017 жылы облыстың тұрғын үй құрылысына 33,3 млрд. теңге инвестиция бөлінді. 612,3 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. 

Сонымен қатар, 2017 жылы Ұлттық қордан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 1,838 млрд. теңге бөлінді. Алдын ала алынған мәліметтер бойынша бөлінген қаржы толығымен игерілді. Жалға берілетін 13,1 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын жүргізу бойынша жылдық жоспар орындалды. 

2017 жылы тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен салуға Ұлттық қордан 3,012 млрд. теңге бөлінді. Оның 99,9 %-ы игерілді.

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі