Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 10 млн. тонна көмір жеткізілді

Соңғы 2 қарашадағы дерек бойынша, еліміздің көмір өндіретін компаниялары жыл басынан бері түрлі маркалы 92,23 млн. тонна көмір өндірген. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  5,8 %-ға (5,02 млн.тонн) артық.

Көмір өндіруші кәсіпорындардың қоймаларындағы қорды есептегенде жыл басынан бері 87,64 млн.тонна көмір тиеліп жөнелтілген. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,78 млн. (85,86 млн.тонн) тоннаға артық.

  • Энергетиктерге 48,04 млн. тоннаға жуық көмір тиеліп жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,8%-ды құрайды (46,26 млн. тонн).
  • Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 9,94 млн. тонна көмір тиеліп жөнелтілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  102,5%-ды құрайды (9,75 млн. тонн).
  • Өнеркәсіп кәсіпорындарына 6,25 млн. тонна көмір тиеліп жөнелтілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100%-ды құрайды (62,57 млн. тонн).
  • Осы кезеңде 23,3 млн. тонна көмір экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99%-ды құрайды (23,6 млн. тонн).

Анықтама: 2017 жылы көмір өндіруші компаниялар 106,7 млн. тонна көмір өндірді. Бұл 2016 жылмен (98,5 млн. тонн) салыстырғанда 8,3%  немесе 8,2 млн. тоннаға артық.

Биыл жылу беру маусымына дайындық басталғалы бері ( 1 мамырдан 1 қарашаға дейін) теміржол көлігімен 35,7 млн. тонна көмір тасымалданды. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 млн. тоннаға (на 4,7 %) артық.

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі