Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ҚР ИДМ автожол құрылысына бөлінетін қаржының тиімділігі мен ашықтығына бақылауды күшейтеді

Инвестициялар және даму министрлігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы және биылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Үкіметтің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары аясында өз жұмысын келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізеді.

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру аясында автожолдарды салуға бөлінетін қаржының тиімділігі мен ашықтығын бақылау күшейтіледі.

«Биыл республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан астам жолды және жергілікті желідегі 2,5 мың шақырым жолды реконструкциялаймыз.

Сонымен қатар, өңірлік мобильділікті жетілдіріп, жергілікті желідегі жолдардың сапасын арттыру үшін облыстық әкімдіктермен бірлесе отырып, республикалық және жергілікті бюджеттен жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды 60 млрд. теңгеге арттыру мәселесі қаралды»,-деді Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Жалпы, орта мерзімді уақытта жергілікті желіні дамытуға жыл сайын 150 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Ол жыл сайын 5000 шақырымға дейінгі жолды жөндеуге және 2025 жылы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 85%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, биыл министрлік «Нұрлы жер» бағдарламасын одан әрі іске асыру тетіктерін қайта қарастырады.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауында жүктелген тапсырмаларды іске асыру аясында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік стандарттарды жетілдіру жұмыстары басталды.

«Тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арзан құрылыс және ипотекалық несие беру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуде, тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 2030 жылға қарай 30 шаршы метрге дейін жеткізу көзделіп отыр. Коммерциялық банктер биыл құрылыс салушыларға 125 млрд. теңгеге субсидияланған несие мен 105 млрд. теңге ипотекалық несиелер беретін болады»,-деді министр.

Банк секторын жаңғырту несие берудің жыл сайынғы көлемін 350 млрд. теңгеге дейін жеткізуге және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің экономикалық белсенді салымшыларының үлесін 12%-ға дейін өсіруге мүмкіндік береді. 2018 жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде 11,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

Фото мұрағаттан алынды 

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі