Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ҚР ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек Ақтөбе облысының металлургтарымен және құрылысшыларымен Президент Жолдауын талқылады

Министрдің тау-кен компания өкілдерімен кездесуінде Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау бойынша Үкіметтің алдағы жұмыстарының негізгі бағыттары талқыланды. Кездесуде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ERG компаниясының басқарма төрағасы Серік Шахажанов, «Восход» кәсіподан компаниялар тобының төрайымы Әсел Темірқұлова және тағы басқалар сөз сөйледі.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Жолдаудың негізгі мақсаты барша қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту.

«Министрлік Мемлекет басшысының Жолдауындағы мемлекеттік 2 негізгі басымдықты іске асырады.  Бұл қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын  жақсарту және экспортқа бағдарланған индустрияландыру саласы. Өңделген экспорт көлемі бойынша Ақтөбе облысы көшбасшылардың қатарына жатады. 2017 жылы өңделген экспорт көлемі 1,5 есеге артып, 2,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Мысалы, өткен жылы «Казхром» ЖШС өз өнімдерін шет елдерге және көрші елдерге 2 млрд. АҚШ долларына экспорттады.«АРБЗ» ЖШС көрші елдерге 9 млн. АҚШ долларынан астам соманың өнімін экспорттады (Өзбекстан, Түркіменстан және Әзірбайжан). Бұрын бұл өнімдер Орталық Азияда шығарылмаған», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, министр Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында экспортқа бағытталған кәсіпорындарға кешенді қаржылық және басқа да қолдау шаралары кеңейтілетінін айтты.

Министр сапары барысында «Стройдеталь» ЖШС-ң жұмысымен танысты. Онда кәсіпорынның цехына барып, өңірдің құрылыс және жол компанияларының ұжымымен кездесті. «Стройдеталь» ЖШС шығаратын құрылыс материалдары Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабы мен Батыс-2 шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына қолданылады.

Құрылыс және жол компанияларының жұмысшыларымен кездесуде өңір халқының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мәселесі, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары мен «7-20-25» әлеуметтік бастамасының Ақтөбе облысында іске асырылу барысы талқыланды.

«Жолдауда салынып жатқан үйлерді желілерге қосу үшін инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды қаржыландыруды 80 млрд. теңгеден 100 млрд.теңгеге дейін көбейту жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылды дамыту бойынша жыл сайын 100 млрд. теңге бөлінеді. Бұл ауылдардың 80 %-ын сапалы сумен жабдықтауға мүмкіндік береді және халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартады», - деді кездесуде министр.

 

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі