Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ҚР ИДМ: қоймалардағы және бөлшек саудадағы көмір бағасы төмендейді

Үкіметтің тапсырмасына орай, коммуналдық-тұрмыстық көмір тарифтері мен бағаларын төмендету мәселесі бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы жергілікті атқарушы органдармен және қоймалардағы коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатушылар арасында меморандум жобасын әзірледі.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Алматы облыстарының әкімдіктері өңірлерде орналасқан қойма иелерімен меморандумдар жасасты. Қалған өңірлер де осындай меморандумға қол қою жұмыстарын жүргізуде.

«100 теміржол көмір қоймасының иелерімен меморандумға қол қою жоспарлануда. "Шұбаркөл"разрезіндегі көмірдің бағасы орташа есеппен 15-20%-ға төмендейді. (Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халлықа жөнелтілген жалпы көлемнен Шұбаркөл көмірінің үлесі 40%). Шұбаркөл көмірі Шығыс Қазақстан облысынан басқа еліміздің барлық өңіріне тасымалданады. "Қаражыра" разрезіндегі қоймаларда көмірдің бағасы 800 теңгеге (6%) төмендейді (Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халлықа жөнелтілген жалпы көлемнен Қаражыра көмірінің үлесі 30%) Қаражыра көмірі Қарағанды облысынан басқа еліміздің барлық өңіріне тасымалданады (Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халлықа жөнелтілген жалпы көлемнен Майкөбе көмірінің үлесі 20%). Майкөбе көмірі орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарына тасымалданады», - деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында жасаған баядамасында.

Қол қойылған меморандумдарға байланысты, бірқатар өңірде көмір бағасы төмендейді. Ақмола облысы бойынша Макинск қаласындағы "Жарова" жеке кәсіпкері 14 000-нан 11 700 теңге дейін, айырмашылық 2 300 тг, Щучинск қаласындағы "Ахунбаев" жеке кәсіпкері 13 300-ден 11 450 теңгеге дейін, айырмашылық 1 850 тг, Көкшетау қаласындағы "Косыгина"  жеке кәсіпкері 13 740 теңгеден 11 500 теңгеге дейін, айырмашылық 2 240 тг.

Алматы облысы бойынша, Панфилов ауданындағы "Бакарт" жеке кәсіпкері 16 000 теңгеден 12 900 теңгеге дейін, айырмашылық 3 100 тг. Қарасай ауданындағы "Уголек" жеке кәсіпкері 14 500 теңгеден 11 400 теңгеге дейін, айырмашылық 3 100 тг.Үштөбе қаласындағы "Инсан" жеке кәсіпкері 13 400 теңгеден 11 900 теңгеге дейін төмендетеді, айырмашылық тоннасына 1 500 тг.Солтүстік Қазақстан облысы бойынша, Тайынша ауданындағы "Мусаев" жеке кәсіпкері 13 500 теңгеден 11 250 теңгеге дейін, айырмашылық 2 250 тг, Петропавл қаласындағы "Турды-оглы" жеке кәсіпкері 14 100 теңгеден 11 950 теңгеге дейін төмендетеді.Уәлиханов ауданындағы "Махатов" жеке кәсіпкері 13 500 теңгеден 11 555 теңгеге дейін төмендетеді. Айырмашылығы 1 945 теңге. Шымкент қаласында көмір бағасы 14 700 теңгеден 12 150 теңгеге дейін төмендейді. Айырмашылық 2 550 тг. болады.

Министр Астана қаласының қоймалары мен басқа сату нүктелеріндегі бағаның төмендегенін мысал ретінде көрсетті. Ал, көмір разрезіндегі баға өзгермейді.

«Трейдер бағаны 60-70%-ға төмендетеді, үстеме 2 985 теңгеден 885 теңгеге дейін төмендейді. Яғни, 1900 теңгеден 2100 теңгеге дейін айырмашылық болады. Шұбаркөл разрезінен Астанаға дейін теміржолмен тасымалдау шығыны 1 715 теңгені құрайды. Станциялар арасындағы қашықтық 616 шақырым. Теміржол көлік шығындары станциядан эстакадаға дейін 1 242 теңгені құрайды. Баға төмендетілген жоқ. Біз бұл жерде бағаны төмендетуге резервтер бар деп есептейміз. Сондықтан, монополияға қарсы органның осы жағдайды зерттеуін сұраймыз. Көмір қоймаларындағы сатушылардың үстемесі 2000 теңге.  Олар 25-30%-ға, яғни, 1500-1700 теңге дейін төмендетеді. Қабылданған шаралардан кейін көмір бағасы 18%-ға төмендейді. 13 600 - 14 500 теңгеден 11 200 теңгеге дейін арзандайды. Айырмашылығы 2 400 теңге», - деді Жеңіс Қасымбек.

Меморандумдарға қол қоюдың нәтижесінде республиканың теміржол қоймаларында Шұбаркөл көмірі құнының төмендеуі орташа 15-20%-ды құрайды. Қаражыра көмірі 6%-дан кем болмайды.

Сондай-ақ, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халықты қамтамасыз ететін Павлодар облысындағы "Майкубен Вест" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көмір бағасын төмендету мәселесін пысықтауда.

Фото мұрағаттан алынды

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі