Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ҚР Парламентінің Мәжілісініңжалпы отырысына ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.М. Қасымбектің ҚР және ҚХР Үкіметтері арасындағы дивидендтерді салықтан босату туралы келсімін ратификациялау мәселесі туралы баяндамасы

2018 ж. 05.12, сағ. 10-00

ҚР Парламентінің Мәжілісі

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Құрметті депутаттар!

2016 жылдың желтоқсан айындағы Қазақстан мен Қытай басшыларының келісімдері аясында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы мен Қытай Жібек жолы қоры арасында бірлескен жобаларды инвестициялауға капиталдандыруы 2 миллиард доллар болатын Қор құрылды.

Қазіргі уақытта бұл Қор Қазақстанға инвестиция салатын ірі инвестициялық қорлардың бірі.

Қазақстанның Жібек жолы қорымен ынтымақтаса жұмыс істеуге тәжірибесі жеткілікті. Жібек жолы қоры Астаналық қор биржасының жарғылық капиталына кірген (5%).

Жалпы капиталдандыру сомасы 55 млрд. АҚШ. долларын құрайтын Жібек жолы қоры көлемі жағынан Қытайдағы ең ірі қор. Сол себепті, Жібек жолы қорының Астана Халықаралық Қаржы Орталығы биржасына акционер ретінде қатысуы Қытайдан ірі инвесторларды тартуға ықпал ететін болады.

Қазақстан аумағындағы жобалардың негізгі капиталына салынатын инвестиция көлемі үлкен болатыны ескеріліп отыр. Сондықтан, Қордың қызметіне қойылатын негізгі талаптардың бірі - дивидендтерге салынатын салықтан босату.

Қазіргі уақытта Қытай тарапымен жоғарыда көрсетілген үкіметаралық келісімді ратификациялау бойынша тиісті жұмыс жүргізілді.

Қазақстанда халықаралық шарттар аясында Халықаралық қаржы институттарын (Еуропалық Қайта құру және даму банкіне, Азиялық инфрақұрылымдық инвестиция банкіне) және жеке жобаларды («Абу-Даби Плаза») салықтан босатудың баламалы үлгілері бар екенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, Қытай мен Қазақстанның өндірістік қуат қорының қатысуымен жобаларды іске асырудың ұтымды жақтары көп. Олар инновациялық технологияларды пайдалана отырып, өңірлердегі инфрақұрылымды дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Жобаларды іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаражы талап етпейді.

Қолдауларыңызды сұраймын!

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі