Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ҚҰРМЕТТІ КЕЛУШІЛЕР!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына сәйкес «ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі» ММ ғимараты (бұдан әрі - «Transport Tower» ғимараты) аса маңызды мемлекеттік нысандар санатына жатады.

Осыған байланысты, «Transport Тower» ғимаратына және оған іргелес аумақтарда тұрақты немесе уақытша келетін адамдар үшін бекітілген арнайы Өткізу тәртібі жұмыс істейді.

Өткізу тәртібінің қағидасына сәйкес  «Transport tower» ғимаратына мынадай техникалық мүмкіндіктері бар (ұялы телефондар, мобильдік қондырғылар) жеке қолданыстағы техникалық құралдарды алып кіруге рұқсат етілмейді («қоңырау, жауап, SMS» функциялары бар ұялы телефондарды және қызметте пайдаланудың техникалық құрылғыларын қоспағанда):

1) фото және (немесе) бейнетүсіру;

2) дыбыс жазу;

3) Интернет желісіне қосылу (WAP, GPRS, E-GPRS, 3G, 4G және басқа да

модульдер);

4) жерсеріктік навигация және ғаламдық бағыттау жүйелеріне қосылу (GPS, Глонасс және  басқалар);

5) сымсыз қолжетімді модульдер (Wi-Fi, Wi-Lan, Bluetooth, IR

және тағы басқа).

 

«Transport tower» ғимаратына келмес бұрын жоғарыда көрсетілген техникалық құралдарды мемлекеттік нысаннан бөлек жерде қалдыруды сұраймыз.

Ерекше жағдайларда, «Transport tower» ғимаратында пайдалануға тыйым салынған жеке техникалық құрылғыларды (мобильдік телефондар, планшеттер, смарт-сағаттар және басқасы) уақытша сақтау Полиция бекетінің жанында орнатылған мобильді телефондарға арналған ұяшықтары бар модульдік шкафтарда жүзеге асырылады. Бұл ретте ұяшықтың нөмірлі жетоны бар кілт «Transport tower» ғимаратынан шыққан сәтке дейін келушіде болуы тиіс.

«Transport tower» ғимаратында  келушілерге жылдам әрі кедергісіз арақашықтықта ғимаратқа кіргізуді  және қабаттарда ілесіп жүрмей-ақ жүзеге асыратын Автоматты рұқсат беру жүйесі орнатылған.

Өткізу рәсімін арақашықтықта жүзеге асыру үшін шақыртқан жақпен телефон байланысы арқылы байланысып және АРЖ жүйесіне тіркеу үшін ЖСН хабарлау қажет.

«Transport tower» ғимаратына кіруге рұқсат алған келуші Полиция бекетіне жеке куәлігін немесе паспортын идентификациялау үшін ұсынуы қажет. 

 (ҚР ӘМ 29.06.2017ж №15287 тіркелген ҚР ИДМ министрінің 29.05.2017 №311қбпү және ҚР ІІМ  министрінің 29.05.2017№89қбпү Бірлескен бұйрығынан үзінді.)

 

Лифтерді жөндеу бойынша

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ғимаратына келушілерге ақпарат ретінде

2019 жылдың соңына дейінгі уақыт аралығында «Транспорт тауэр» ғимаратының кейбір лифтерін жөндеу мақсатында уақытша тоқтатылып тұратын болады.

Кейбір лифттердің тоқталуына байланысты қызмет етіп тұрған лифттермен ғимараттың қабаттары арасында қозғалу мақсатында алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтарға кешірім сұраймыз.

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі