Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қызығушылық танытуға өтініш беруге шақыру. «Автомобиль жолдарының жұмыс істеу циклі ұзақтығына арналған келісімшарттардың жаңа түрлерін әзірлеу үшін автожол саласын реформалау бойынша кеңесші»

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІЛДІРУГЕ ШАҚЫРУ (КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ -МЕКЕМЕЛЕРДІ ІРІКТЕУ )

 

Ел: Қазақстан Республикасы

Жоба: «Шығыс-Батыс» автомобиль жолдарын дамыту

Тапсырма атауы: Автомобиль жолдарының жұмыс істеу циклі ұзақтығына арналған келісімшарттардың жаңа түрлерін әзірлеу үшін автожол саласын реформалау бойынша Кеңесші

Қарыз: 8156-KZ

Нөмір: SWRP-2019

 

Қазақстан Республикасы «Батыс Европа – Батыс Қытай» Халықаралық транзиттік дәлізі: “Шығыс-Батыс” автомобиль жолдарын дамыту жобасын қаржыландыру үшін Дүниежүзілік банкінен қарыз алды және қаржының бір бөлігін «Автомобиль жолдарының жұмыс істеу циклі ұзақтығына арналған келісімшарттардың жаңа түрлерін әзірлеу үшін автожол саласын реформалау бойынша Кеңесші» тапсырмасы аясында консультациялық қызметтерге қолдануға ниетті.

Консультациялық қызметтер («Қызметтер») 3 басты мақсаттан тұрады:

(1) Автожол жобаларын іске асыру үшін жұмыс істеу циклі ұзақтығына арналған үлгілік келісімшартын, соның ішінде ЕРС және PBC келісімшарттарын қоса әзірлеу;

(2) ЕРС келісімшарты негізінде іске асырылатын «Батыс Европа – Батыс Қытай» Халықаралық транзиттік дәлізінде ұзақтығы 48 км Түркістан қаласы айналым жолы құрылысы» жобасының Техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу.

(3) Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру. Конкурстық рәсімдер кезінде Тапсырыс берушіні сүйемелдеумен қатар Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес орыс және ағылшын тілдерінде конкурстық құжаттаманың толық жинақтамасын дайындау.

Консультациялық қызмет көрсетуге арналған келісімшарттың жарамдылық мерзімі – 14 ай.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті тиісті консалтингтік мекемелерді («Консультанттарды») Қызмет көрсету үшін қызығушылық білдіруге шақырады. Қызығушылық білдіруші консультанттар Қызмет көрсету үшін қажетті біліктілік пен тиісті тәжірибеге ие екендігін көрсететін ақпарат ұсынуы тиіс. Қысқа тізімге қосылу шарттары:

  • Нысандар құрылысы саласында, соның ішінде автожол жобаларында EPC, PBM, PPP және т.б. келісімшарттар қолданысымен жобаларды әзірлеуде жалпы тәжірибе;
  • ХҚИ қаржыландырылатын жобалар бойынша консультациялық қызмет көрсетуде тәжірибе;
  • Автомобиль жолдарының реконструкциясы мен құрылысы бойынша Техникалық-экономикалық құжаттамасын (жоба-алды және жобалық құжаттамалар) әзірлеуде жалпы тәжірибе, 3 жобадан кем емес.

 

Қызығушылық білдіруші Консультанттардың назарын Дүниежүзілік банкі Нұсқаулығының 1.9 және 1.11 -тармақтарына аударамыз: мүдделік қайшылықтар және құқықтылыққа қатысты Дүниежүзілік банктің саясаты баяндалған Дүниежүзілік банк қарыз алушыларымен Консультанттарды іріктеу және жалдау [ХҚДБ қарыздары, ХДА несиелері мен гранттары шеңберінде]: Дүниежүзілік банк қарыз алушыларымен Консультанттарды іріктеу және жалдау [ХҚДБ қарыздары, ХДА несиелері мен гранттары шеңберінде], [2011 жылдың қаңтар айы] («Консультант нұсқаулығы»).

Консультанттар өз қызығушылығын жеке мекеме немесе біріккен кәсіпорын не субконсультант турінде ассоциация ретінде білдіре алады. Біріккен кәсіпорынның барлық мүшелері тапсырма үшін толықтай ортақ жауапкершілік алады. Дегенмен, қысқа тізімді жасау барысында субконсультанттың тәжірибесі есепке алынбайды. Консультант Консультанттар нұсқаулығында баяндалған сапа және баға негізінде іріктеу әдісіне сәйкес таңдалынады.

Толық ақпаратты төменде көрсетілген мекенжаймен жұмыс уақытында алуға болады - 09:00 - 18:30 сағат аралығы (Нұр-Сұлтан уақытымен), түскі үзіліс 13:00-14:30.

Қызығушылық білдіру өтінімдері жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайға (пошта арқылы) 2019 жылы 15-мамыр, сәрсенбі 16.00 сағатқа дейін жіберілуі тиіс.

 

Назарына: Бүркітаев Рафхат, Жобаларды дайындау басқармасы басшысы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті

Қабанбай батыр даңғылы 32/1, Транспорт тауэр ғимараты, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

Тел: +7 (7172) 75 46 66, +7 (7172) 75 46 37, +7 (7172) 75 46 40

Эл.пошта: r.berkutbayev@miid.gov.kz, o.berdaulet@miid.gov.kz, k.utepbergenov@miid.gov.kz

________________________________________

 

ҚБ құрамына Консультант келесі ақпаратты қосуы қажет:

 

  • Консультациялық мекеме жөнінде ақпарат

 

Куні/айы/жылы:

Заңды түрде тіркелген елі:

Консультант атауы:

Акроним:

ҚБ ұсыну бекітілген:

Лауазымы:

 

  • Ассоциациялар (Біріккен кәсіпорын немесе субконсультант)

 

Консультант

Акроним

Тіркелген елі

Біріккен кәсіпорын (БК) немесе субконсультант

ҚБ ұсыну бекітілген

Лауазымы

 

 

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы дербес орындаудың орнына басқалармен (БК немесе субконсультантпен) ассоциацияда орындаудың негіздемесі және артықшылықтарын ұсыну. Ассоциацияны басқару және үйлестіру бойынша ұсынылатын тәсілді және әр мекеменің рөлін сипаттау.

 

Техникалық біліктілік

 

Жобалар атауы – ұқсас тапсырмаларды орындау барысында сіздің мекемеңіздің/концорциумның техникалық біліктілігін белгілеңіз. Жобаларды басқару бойынша ұқсас органдармен жұмыс жасауда бұрынғы тәжірибелер бойынша толық ақпарат ұсыну.

 

Географиялық тәжірибе

 

Жобалар атауы, ұқсас географиялық аймақтарда бұрынғы жұмыс тәжірибелерін ұсыну.

 

Басқарушылық біліктілік

- Тапсырыс берушімен сапалы өзара әрекеттестік және нәтиже үшін сіздің мекеме қамтамасыз ететін стандартты саясаттарды, рәсімдерді және іс-тәжірибелерді сипаттау. Сіздің мекеме ISO стандарты бойынша сертификатталғанын/сертификатталмағанын атау.

- Сарапшылардың жұмысына және бұрынғы және болашақ тапсырмалар үшін ұсынылған есептемелердің сапасына қатысты шағымдармен сіздің мекеме/консорциум қалай жұмыс жасайды? Арыз-шағымдарды қарау және шешу үшін қандай ішкі бақылау шаралары қолданылады?

- Тапсырманы орындау мерзімі ішінде сіздің мекеме/концорциум жұмысының сапасын қалай қамтамасыз етесіз?

Орындалған жобалар тізімі

Мекеменің техникалық біліктілігін және географиялық тәжірибесін көрсету үшін орындалған жобалар тізімін ұсыну (максимум 10 жоба).

N

Жоба

Кезең

Тапсырыс беруші

Ел

Мекеме

1

 

       

2

 

       

3

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

….

 

 

 

 

 

……

 

 

 

 

 

 

  • Жоғарыда аталған жобалар жөнінде қысқаша ақпарат

 

 

Жоба атауы

 

Ел/аймақ

 

Басталу күні

 

Аяқталу күні

 

Үздіксіз/үзілісті

 

Заказчик

 

Қаржыландыру көзі

 

Сипаттама

(өз рөліңізді және адам-ай салымыңызды көрсетіңіз)

 

  • Құқықтылық

Біз, төменде қол коюшылар, өзіміздің мәліметтер мен ақпараттарға және сенімдерімізге сүйене отырып, келесіні растаймыз:

 

- Біз аталған жоба бойынша Техникалық тапсырмамен бірге (ТТ) хабарландыруды оқыдық (ИӘ / ЖОҚ)

 

- Не консалтингтік мекеме, не БК мүшесі немесе субконсультант, не оның сарапшыларының бірі бұл тапсырма үшін Техникалық тапсырма дайындаған жоқ (ИӘ / ЖОҚ)

 

- Біз ҚБ құрамында ұсынылған жобалар атауы аталған мекеменің/концорциумның тәжірибесін шынайы көрсететіндігін растаймыз. (ИӘ / ЖОҚ)

 

- Егер біз бұл тапсырма аясында біздің жұмыс өнімімізден шығатын тапсырманы орындайтын болсақ, біздің мекеме, БК мүшесі немесе субконсультант, сондай-ақ сарапшы(лар) іріктеуден және тапсырмаға қатысудан шеттетіледі.

 

- Көшбасшы мекеме және БК мүшесі немесе субконсультант қазіргі уақытта банктің немесе басқа Көптарапты даму банктерінің санкцияларына тартылмаған. Не консалтингтік мекеме, не БК мушесі немесе  субконсультант ешқашан сақтылыққа, ұрлыққа, сыбайлас жемқорлыққа, алаяқтыққа, қылмыстық келісімге немесе мәжбүрлеуге қатысты қылмыстар үшін сотталмаған.

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі