Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларға бағаларды және тарифтерді төмендету шаралары туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Үкімет отырысына баяндама жобасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті әріптестер!

Халыққа жөнелтілетін көмірдің шамамен 70 проценті Шұбаркөл мен Қаражыра кен орындары есебінен қамтамасыз етілетінін атап өткен жөн.

Анықтама ретінде:

«Шұбаркөл» разрезінің көмірі Шығыс Қазақстан облысынан басқа барлық өңірлерге жеткізіледі.

«Қаражыра» разрезінің көмірі Қарағанды облысынан басқа барлық өңірлерге жеткізіледі.

Осыған байланысты, бір ай бұрын көмір бағалары мен тарифтерін төмендету мәселесі жөніндегі Сіздің тапсырмаңыз бойынша біздің Министрлік Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығымен  бірігіп меморандум жобасын әзірледі. Ол көмір сатушылармен меморандум жасасу үшін әкімдіктерге жолданған болатын.

Сонымен қатар, Тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы алаңында халыққа сатылатын көмір бағасын төмендету жөнінде трейдерлермен отырыстар өткізілді.

Бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде барлық облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері қазіргі кезде тиісті меморандумдарды жасасты. Жалпы әкімдіктер мен трейдерлер арасында шамамен 90 меморандум жасалды.

Биыл 26-шы қарашадан бастап жасасқан меморандумдарды іске асыру аясында жылыту маусымының аяғына дейін Шұбаркөл көмірі орташа 15-20%-ке, Қаражыра көмірі 6%-ке арзан күйінде сақталады.

Халық тұтынатын көмір бағасы арзандады. Оған мысалдар келтіруге болады. Айталық:

Алматы облысында барлық 31 меморандумға қол қойылды, темір жол тұйықтарында «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 3100 теңгеге немесе 21%-ке төмендетілді, ал «Қаражыра» көмірі1000 теңгеге немесе 5-6%-ке арзандатылды.

Қостанай облысында барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 2 950 теңгеге немесе 20%-ке төмендеген, ал «Қаражыра» көмірі 800 теңгеге немесе 5%-ке арзандатылған.

Астана қаласында барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 3000 теңгеге немесе 16%-ке төмендеді, ал "Қаражыра" көмірі 800 теңгеге немесе 5%-ке арзандады.

Еліміздің қалған өңірлерінде де халыққа сатылатын көмірдің бағасы орташа 15-20 процентке арзандады.

Анықтама ретінде:

Ақмола облысында 7 меморандумға қол қойылды, темір жол тұйықтарында «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 2400 теңгеге немесе 17%-ке төмендеді, ал «Қаражыра» көмірінің бағасы 800 теңгеге немесе 5%-кеарзандады.

Ақтөбе облысында "Шұбаркөл көмір" көмірінің бағасы 2500 теңгеге немесе 16%-ке төмендеді, ал "Қаражыра" көмірінің бағасы 1000 теңгеге немесе 6%-кеарзандатылды.

ШҚО-да облыс әкімі, «Қаражыра» АҚ және биржалық трейдерлер мен көмір тұйықтарының бөлшек иелері көмірді бөлшектеп сату нарығында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға және 2018-2019 жылдары жылыту маусымының соңына дейін коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін сатылатын көмір бағасын көтермеу туралы Меморандумға қол қойды.

Қарағанды облысында барлық меморандумдарға қол қойылды, темір жол тұйықтарында «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 1700 теңгеге немесе 16%-ке төмендеді.

Қызылорда облысында барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл» көмірінің бағасы2050 теңгеге немесе 14%-ке төмендеді.

СҚО-да барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл» көмірі2250 теңгеге (16%), Ал "Қаражыра" көміріне 800 теңгеге немесе 5%-кеарзандады.

Павлодар облысының әкімдігі "Майкубен-Вест" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен және "Богатырь Көмір" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен халыққа көміржеткізетін негізгі 27 сатушыға разрезден көмірді бірінші кезекте беру жөніндегі келісімге қол жеткізді.

Түркістан облысында барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл» көмірінің бағасы3000 теңгеге немесе 14%-ке төмендеді.

Алматы қаласында «Шұбаркөлдің» темір жол тұйығындағы көмір бағасы 1800 теңгеге немесе 13%-ке, ал "Қаражыра" көмірі 800 теңгеге немесе 6%-ке төмендетілді.

Шымкент қаласында барлық Меморандумдарына қол қойылды, теміржол тұйықтарында «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 2550 теңгеге немесе 18%-ке төмендеді.

БҚО-да 2018-2019 жылдары жылыту маусымына Батыс Қазақстан облысының коммуналдық тұрмыстық кәсіпорындары3,7 мың тонна көмір тұтынады. Бүгінгі таңдакөмірмен 100% қамтамасыз етілді.

Жамбыл облысында барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 2500 теңгеге немесе 17%-ке төмендеді.

Атырау мен Маңғыстау облыстарының коммуналдық секторы мен облыс халқы газбен қамтамасыз етілген, тұтынушылар көмір өнімдерін пайдаланбайды.

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі