Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушы облигациялары бойынша купондық сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидасын бекіту туралы

 

«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы   2-тармағының 34-40) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушы облигациялары бойынша купондық сыйақы ставкаларын субсидиялау  қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің  интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

 

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық даму

министрі                                                                                                 Б.Атамқұлов

 

Жарияланған: 27.01.2020
Жаңартылған: 29.01.2020
© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі