Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ел дамуының 10 басым бағытын айқындап берді

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында ел алдындағы 10 негізгі міндетті айқындап берді.

Біріншісі - қазақстандық индустрия жаңа технологияларды енгізуде флагман бола білу, Екіншіден, ресурстық әлеуетті қолдану тиімділігін барынша жақсарту, үшіншісі - агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру, төртінші - транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан ары дамыту, бесінші - ТҮКШ және құрылыс саласында заманауи технологияларды қолдану, алтыншы - қаржы секторын қайта жандандыру, жетінші - адам капиталының жаңа сапасына ерекше мән беру, сегізінші - тиімді мемлекеттік басқару, тоғызыншыдан, заңның үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалатынын айтып өтті. Оныншы міндет ретінде «Смарт сити» технологиясының енгізілуі өсіп бара жатқан қалалардың мәселелерін тиімді түрде шешуге жол ашып, инвесторлардың қызығушылығын туғызатынын жеткізді.

Жолдаудың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар: http://mid.gov.kz/kk/pages/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-nazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2018-zhylgy-10

Фотосурет: akorda.kz

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі