Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарлардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ақпараты (2017 жылдың қорытындысы бойынша)

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларын іске асыру жөніндегі (2015, 2017 жылдардағы) Жалпыұлттық жоспарларға сәйкес  ҚР ИДМ бойынша  12 тармақ бекітілген, оның 4 – орындалу барысында, 8 тармағы – орындалды:

1) 8-тармақ.  Жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарды индустриялық жобалармен толықтыру бойынша шаралар қабылдай отырып,  олардың инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау (орындалу барысында)

«Астана – жаңа қала» АЭА. Қазіргі уақытта № 1 индустриялық паркінің инфрақұрылымы 65 %-ды құрайды. Әзірленген мастер-жоспарды ескере отырып, Астана қаласының әкімдігі № 2 индустриялық паркінің техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН) әзірледі.

«Бурабай» АЭА «Бурабай». АЭА инфрақұрылымының құрылысы толығымен аяқталды.

«Ақтау теңіз порты» АЭА. «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның жалпы алаңы 2000 гектарды құрайды және 6 қосалқы аймақтан тұрады. № 1 және № 3 қосалқы аймақтарының инфрақұрылымы 100% аяқталды. № 5 және № 6 қосалқы аймақтарының инфрақұрылымын қалыптастыру жоғарыда аталған қосалқы аймақтарды жобалармен толықтыру шамасына қарай жоспарланады. № 2 және № 4 қосалқы аймақтарының инфрақұрылымдары бойынша әзірленген ТЭН негізінде инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысына ЖСҚ әзірленген. ТЭН-ге сәйкес инфрақұрылымды салу құны 7,3 және тиісінше 3,1 млрд. теңгені құрайды.

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА.

I-ші кезек - полипропилен жобасы үшін (2018-2020 жж.); II-ші кезек - полиэтилен жобасы үшін (2020-2024 жж.). «ҰИМТ» АЭА инфрақұрылым (ГТЭС, ВП, жалпызауыт инфрақұрылымы) объектілерінің құрылысына 2014-2017 жылдар кезеңіне 110,7 млрд. теңге бөлінді.  2017 жылғы

1 қарашадағы жағдай бойынша I-ші кезектегі инфрақұрылымның дайындығы 30,8 %-ды құрайды.   Қолда бар қаржыландыруды есепке алғанда (110,7 млрд.теңге) іске асырылатын полипропилен жобасының инфрақұрылымын аяқтау үшін 76,0 млрд.теңге қажет етіледі.  Алдын-ала есептеулер бойынша полиэтилен жобасы үшін екінші кезектегі инфрақұрылымының құны 2020-2024 жылдар кезеңіне 376 млрд. теңгені құрайды.

«Оңтүстік» АЭА. «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымының құрылысы толықтай аяқталған.

«Павлодар» АЭА. Қазіргі уақытта «Павлодар» АЭА инфрақұрылымының дайындығы шамамен 15 %-ды құрайды. «Павлодар» АЭА инфрақұрылымының құрылысы жобасы бойынша ТЭН түзету қорытындысы бойынша «Павлодар» АЭА құрылысының құны 29,2 млрд. теңгеден 21 млрд. теңгеге дейін оңтайландырылды.

«Инновациялық технологиялар паркі» АЭА. «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА (бұдан әрі - «ИТП» АЭА) бірінші кезектегі инфрақұрылымы 100% аяқталды. Екінші кезектегі инфрақұрылым құрылысының жалпы құны  14,2 млрд. теңгені құрайды.

«Сарыарқа» АЭА. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының жалпы ауданы - 595 га, оның ішінде инвестициялық жобаларға 462 га бөлінді, АЭА инфрақұрылымымен айналысатын алаңы 132,6 га, АЭА қатысушылары айналысатын алаңы 198 га, бос алаң - 264 га. «Сарыарқа» АЭА инфрақұрылымын салудың сметалық құны 25,5 млрд. теңгені құрайды. Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жай-күйі бойынша 23,4 млрд. теңге, немесе бөлінген қаражаттың 92,9 % игерілді. Қазіргі уақытта негізгі инфрақұрылым объектілері салынды және пайдалануға берілді (энергиямен қамтамасыз ету жүйелері, теміржол және теміржол станциясы, автомобиль жолдары, әкімшілік орталық, өрт сөндіру депосы, сумен жабдықтау және кәріз желілері мен құрылыстары).

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА. Бүгінгі күні «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымы 100% -ға аяқталды. 2016 жылғы наурыз айында «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА-ның  Құрғақ портын және инфрақұрылымдық объектілерін салу бойынша кешенді жұмыстар» жобасын пайдалануға объектіні қабылдау актісіне қол қойылды.

«Тараз химиялық паркі» АЭА. Қазіргі уақытта «Тараз химиялық паркі» АЭА сыртқы инфрақұрылым бойынша жұмыс 84% аяқталды, ішкі 62% орындалды. «Тараз химиялық паркі» АЭА инфрақұрылымының құны 36,1 млрд. теңгені құрады. Олардың жарғылық капиталын капиталдандыруға «Біріккен химия компаниясы» ЖШС 25,2 млрд. теңге бөлді. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында инфрақұрылым құрылысының бірінші кезегін аяқтау жоспарланған. Екінші кезекті аяқтау 2018 жылдың төртінші тоқсанында жоспарлануда. АЭА аумағында басым жобаларды пайдалануға енгізгеннен кейін жобалық қуаттылыққа шығару 2023 жылға жоспарланған.

2)  11-тармақ.  Батыс Еуропа – Батыс Қытай; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахан автожол магистральдарының жол учаскелерін салуды қамтамасыз ету (орындалу барысында)

1) Батыс Еуропа – Батыс Қытай

2016 жылы Алматы – Қорғас және Ташкент – Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы дәлізінің соңғы учаскелерінде жол жамылғысын жайластыру жұмыстары аяқталды және Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы қалалары арқылы Ресей Федерациясының (Орынборға) шекарасынан Қорғасқа дейінгі дәліздің барлық ұзындығында автокөлік құралдарының жол жүруі қамтамасыз етілген.

Бүгінгі күні Алматы – Қорғас және Ташкент – Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы учаскелерінде жайластыру және қалған жұмыстар аяқталды.

2) Астана-Алматы

Жобаны іске асырудың басынан Астана – Теміртау – 171 км және Алматы – Қапшағай – 104 км учаскелерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды.

Қазіргі уақытта Теміртау – Қарағанды (14 км) учаскесінің реконструкциясы жүргізілуде, Қарағанды қ. Солтүстік және Шығыс айналма автомобиль жолының (48 км) құрылысы мен реконструкциясына және Бұрылбайтал-Күрті учаскесінің (228 км) реконструкциясына келісімшарттарға жасалды және аванстар төленді.

Балқаш – Бұрылбайтал (297 км) учаскесі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкінің ағымдағы қарыздары есебін үнемдеу арқылы тарту бойынша жұмыстарды жүргізуде. 2018 жылы қарыз туралы келісімге қол қою және реконструкцияны бастау жоспарлануда.

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 3706 тапсырмасына сәйкес Қарағанды – Бұрылбайтал және Құрты – Қапшағай учаскелерінің реконструкциясы неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылды.

3) Астана – Өскемен

Жобаны іске асырғаннан бастап 230 км, оның ішінде Астана-Павлодар – 59 км және Павлодар-Семей-Қалбатау – 171 км учаскесінде реконструкцияланды.

Ағымдағы жылғы жұмыстар Астана-Павлодар және Павлодар-Семей-Қалбатау учаскелерінде жүргізілуде. Реконструкциялаумен 675 км қамтылды.

Бүгінгі күні Астана-Павлодар учаскесінде Астанадан Төрткұдық а. дейін (219 км) және Батыс айналма автомобиль жолы мен Ертіс ө. арқылы көпір өткелін қоса алғанда, Пограничник а. Павлодар қ. дейін 4 жолақты қозғалыс ашылды. Павлодар-Семей учаскесінде 33 км жұмыстар аяқталды.

Учаскелерді реконструкциялауды толық аяқтау 2018 жылғы жоспарланған.

Ұзындығы 102 км Қалбатау-Өскемен учаскесі Алматы – Өскемен жобасы шеңберінде ҚХР ЭксИмБанкінің қарызы есебінен реконструкцияланды.

4) Астана – Ақтөбе – Атырау – Астрахань

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 3706 тапсырмасына сәйкес ұзындығы 1 273 км Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз – Шалқар – Қандыағаш учаскесінің реконструкциясы неғұрлым кешірек мерзімге ауыстырылды.

Бүгінгі күні Ақтөбе – Қандыағаш (299 км) учаскесінің реконструкциясына келісімшарттар жасалды және аванстар төленді, персонал мен техникаларды жұмылдыру жүргізілуде.

Ақтөбе – Қандыағаш (159 км) және Атырау – Астрахань (274 км) учаскелерін реконструкциялауға Министрлік Ислам Даму банкінен қарыз тарту жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарын бастау 2018 жылға жоспарлануда.

Сонымен қатар, Ұлттық қордың қаражаты есебінен 2015 жылы басталған Ақтөбе мен Атырау аралығында 26 км реконструкциясы аяқаталды.

5) Алматы – Өскемен

Жобаны іске асырудан бастап Қапшағай – Талдықорған учаскесінің 117 км жұмыстар аяқталды. Ағымдағы жылы аталған учаскенің қалған 24 км аяқталды.

Ұзындығы 763 км Талдықорған – Өскемен учаскесі ҚХР ЭксИмБанкі қарызы есебінен реконструкцияланатын болады. Мердігерлік жұмыстарға келісімшарттар жасалды және аванстар төленді. Бүгінгі күні жобалау-сметалық құжаттама 102 км әзірленді, қалған 661 км әзірленуде.

Толық ауқымды реконструкцияға кірісу 2018 жылдан бастап жоспарланады.

6) Қарағанды – Жезказған – Қызылорда

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 3706 тапсырмасына сәйкес ұзындығы 925 км автожолдың реконструкциясын бастау неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылды.

3)  17-тармақ.  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жыл сайын осы мақсаттарға 100 млрд. теңгеге дейін көздей отырып, жылумен және сумен жабдықтау желілерін жаңғырту жөніндегі жобаларды қоса қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарын тарта отырып, жылумен және сумен жабдықтау желілерін жаңғырту қарқынын жеделдету (орындалды)  

Бюджеттік кредит беру арқылы

2017 жылы инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шегінде бюджеттік кредит беру тетігі арқылы  жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту бойынша 98 жобаны іске асыруға 41,1 млрд. теңге бөлінген. 

Көрсетілген жобаларды қаржыландыру үшін Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері мен жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) арасында, сондай-ақ ЖАО мен табиғи монополиялар субъектілері (түпкілікті қарыз алушылар) арасында кредиттік шарттар жасалды.

Кредиттерді игеру кезеңі кредиттер кредитордың шотынан аударылған сәттен бастап есептеледі және 2018 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 190 қаулысы).

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша табиғи монополиялар субъектілері 30,2 млрд. теңгені игерген немесе бөлінген қаражаттың 74%.

Салынған және реконструкцияланған желілер 765,1 км, оның ішінде:

20,4 км жылумен жабдықтау желілері;

702,5 км сумен жабдықтау желілері; 9 жобаны

42,2 км су бұру желілері;

Құрылған жұмыс орны 2 759, оның ішінде 76 тұрақты, 2 683 уақытша.

Бюджеттік субсидиялау арқылы.

2017 жылы субсидиялау жобаларына 4,4 млрд. теңге 9 жобасын жүзеге асыруға бөлінді, оның ішінде:

- «Павлодарские тепловые сети» ЖШС бойынша – 1,8 млрд.теңге сомасына 5 жобаны;

- «Петропавловские тепловые сети» ЖШС бойынша – 1,9 млрд. теңге сомасына 3 жобаны;

- «Водные ресурсы-маркетинг» ЖШС бойынша  – 0,7 млрд. теңге сомасына 1 жобаны мақұлдады.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша табиғи монополиялар субъектілері игерілуі 100% құрайды.

13,3 км жылумен жабдықтау желілері салынған және реконструкцияланған.

4)  3.1 – тармақ.    «ИТП» ДКҚ базасында ғылыми және инновациялық әлеуеттерді дамыту бойынша шаралар қабылдау        (орындалды)

«ИТП» АЭА (бірінші кезегі) қызмет етуінің барлық кезеңдері (2006-2017 жж) үшін келесі көрсеткіштерге қол жетті:

Салықтар. Барлық кезең үшін «ИТП» АЭА қатысушылар қызметінен түскен салық (іс жүзінде 1 кезек) 13,6 млрд теңгені құрды, бұл 1 кезек (7,5 млрд теңге) құрылысына жалпы бюджеттік инвестицияларды 1,8 рет асырады.

Инвестициялар. Барлық кезең үшін «ИТП» АЭА қатысушыларымен салынған инвестициялар көлемі 25-тен аса млрд теңгені (оның 2017 жылы – 3-тен млрд теңге) құрды, бұл жалпы бюджеттік салымнан асады(20,5 млрд. теңге – 1 және 2 кезекке).

Экспорт. 22 компания жоғары технологиялық өнім мен қызметті экспортқа шығарып бастады. 2015-2017 жж. ішінде экспорт 2,2 млрд. теңгені асырды.

Тауар мен қызмет өндірісі. Барлық кезең үшін «ИТП» АЭА компания-қатысушыларының жүзеге асырылған өнім көлемі 141,6-дан аса млрд теңгені құрды, оның 2017 жылы – 34,8-ден аса млрд теңге.

Жұмыс орындары. Жалпы жұмыс орындардың саны 3695 құрайды, 2017 жылы 713 жаңа жұмыс орындары құрылды.

5)  4-тармақ. Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін қамтитын өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта жарақтандыру бойынша 2025 жылға дейінгі шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау (орындалды)

Әзірленген «Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін қамтитын өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта жарақтандыру бойынша 2025 жылға дейінгі шаралар кешенін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә. Жақсыбековтің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 4173-6 ПАБ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиевтің

2017 жылғы 15 қарашадағы № 17-3/05-1774 (п.4) тапсырмаларына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына инкорпорацияланды.

Жұмыс «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасы шеңберінде жалғастырылатын болады.

6)  5-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құру (орындалды)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Экспорттық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 40-р өкіміне сәйкес бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құрылды.

7)  8-тармақ. Экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін дамыту және қажетті инфрақұрылым құру жөнінде ұсыныстар енгізу (орындалды)

ИДМ-де мүдделі мемлекеттік органдардың, Бәйтерек, ҰКП, қауымдастықтардың қатысуымен электромобиль өндірісін дамыту және қажетті инфрақұрылымды құру мәселелері жөнінде жұмыс тобы құрылды (бұдан әрі – Жұмыс тобы).

Жұмыс тобының отырысында (2017 жылғы 25 сәуірдегі № 03-25/120 хаттамасы) электромобиль өндірісінің дамуы және қажетті инфрақұрылымды құру бойынша Жол картасы бекітілді және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне 2017 жылғы 28 сәуірдегі

№ 01-25/Д-635//422 (п.8) – И хатымен енгізілді.

Жұмыс бекітілген Жол картасына сәйкес жалғастырылатын болады.   

8) 9 - тармақ. Үкіметтік бағдарламаны (Ұлттық инвестициялық стратегия) әзірлеу және қабылдау (орындалды)

Министрлік Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп «Ұлттық инвестициялық стратегия» үкіметтік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілді.

Стратегияның негізгі мақсаты қолайлы инвестициялық ахуал жасау және тиімділікті арттыруға бағдарланған инвестицияларды тарту болып табылады.

9) 11 - тармақ. Жаңа нарықтарға шығу және тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ салаларының өнімдерін жеткізу географиясын кеңейту бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 тамыздағы

№ 511 қаулысымен «Ұлттық экспорттық стратегия» (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілді, ол шикізаттық емес тауарлардың экспортын 2015 жылмен салыстырғанда 2025 жылға қарай екі есе ұлғайтуға бағытталған.

Бағдарлама бірқатар міндеттерді кешенді шешуді, оның ішінде экспорттаушыларды қолдаудың институционалдық базасын жетілдіруді, экспорттаушыларға қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын ұсынуды, сондай-ақ экспортты дамытуға кедергі болатын тосқауылдарды жоюды болжайды.

Халықаралық сауда статистикасына сәйкес тау-кен металлургия кешені мен мұнай-газ саласы өнімдері 72-83 «Металдар және олардан жасалған бұйымдар» және 27 «Минералды отын, мұнай және оларды айдау өнімдері, битумды заттар, минералды балауыздар» тауарлық топтарға сәйкес келеді.

Мұнай-газ және тау-кен-металлургиялық кешендердің өнімдерін ілгерлету үшін анағұрлым басым нарықтар арасында ЕО, ЕАЭО, ОА,  сондай-ақ Қытай елдерін атап көрсетуге болады.

Тау-кен металлургия саласы бойынша

2017 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша «Металдар және олардың өнімдері» тауарлық тобы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 8,8 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңнен 29,4% жоғары. Экспорт 41,3% -ға есіп, 6,3 млрд. АҚШ долл. құрады, ал импорт 6,8%-ға өсіп, 2,5 млрд. АҚШ долл. құрады.

Қазақстанның барлық салаларының ішінде сыртқы саудадағы металлургия өнеркәсібінің үлесі 16% құрайды. Экспортқа металдардың үлесі 18%, импорт 12%.

Металлургия саласының негізгі экспорттау баптары: ферроқорытпа, тазартылған мыс, мырыш, металл илек, алюминий, қорғасын, темірден жасалған жартылай фабрикаттар, қара металл сынықтары, титан, металл құбырлары және т.б. болып табылады.

Металлургиялық өнімдерді өткізудің негізгі нарығы: Қытай (мыс, ферроқорытпа, мырыш); Ресей (металл, металл құбырлары, ферроқорытпа, алюминий); Түркия (мыс, мырыш); Жапония (ферроқорытпа); БАӘ (мыс); Өзбекстан (темірден жасалған жартылай фабрикаттар, алюминий, металл илектер); Иран (металл илектер, темірден жартылай фабрикаттар); Ұлыбритания (мыс); Вьетнам (мырыш, қорғасын); АҚШ (ферроқорытпа, тантал, қорғасын) болып табылады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерімен пайдалануға енгізу 2018 жылдың І жартыжылдығына жоспарланып отырған, қазақстандық-қытайлық үлкен диаметрлі болат дәнекерленген құбырлар зауытының болашақ өнімін әлеуетті өткізу нарықтарын зертеледі.

Бұдан басқа, «УКАД» БК Францияның авиаөнеркәсіп компанияларына титан бөлшектерін жеткізуді жүзеге асырады. Бұл жұмыс «УКТМК»  қазақстандық компаниясы, «Обер Дюваль» француз компаниясы және «ЕАДС» концерні арасында қол қойылған ұзақ мерзімді стратегиялық келісімге сәйкес жүргізіледі. 2020 жылға дейін жалпы сомасы 1,2 млрд. еуроға өнім жеткізілетін болады.

Жоғарыда аталған қазақстандық-француз жобасының одан әрі дамуы ретінде 2017 жылы 15 қыркүйекте Санкт-Жорж де Монте Еуропаның титан қалдықтарын шығаратын «Экотитан» БК-нің алғашқы зауытының ашылу салтанаты өтті. Аталған БК-нің құрылтайшылары құрамына «УКАД» БК УКТМК еншілес кәсіпорны кіреді. Жалпы инвестиция көлемі 48 млн. еуроны құрады.

Мұнай-газ саласы бойынша

2017 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 36,5% -ға ұлғайтып, 23,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Экспорт 37%-ға өсті (шикі мұнайды Италияға, Нидерландыға, Францияға және Украинаға, Өзбекстанға және табиғи газды Швейцарияға жеткізудің ұлғаюына байланысты).

Мұнай-газ кешенінің негізгі экспорттық өнімі шикі мұнай (экспорттағы үлесі 87%), одан әрі мұнай газдары (7%), мұнай өнімдері (4%) және т.б. болып табылады

Негізгі өткізу нарығы: Италия, Нидерланды, Швейцария, Франция, Испания, Қытай, Румыния, Греция, Украина, Португалия.

«Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ ТМД және жақын шетелдердегі сапарлары шегінде келісімдерге қол қою бойынша және кәсіпорынның өнімдерін (штанга сорғы және сорғы-компрссорлық құбырлар) Ресей, Грузия және Әзірбайжан нарықтарына жеткізуді ретке келтіру бойынша келіссөздер жүргізілді.

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрсмесі шеңберінде  XI Еуразиялық KAZENERGY Форумы өткізілді. KAZENERGY форумын өткізу жаңа нарықтарға одан әрі шығуға және Қазақстанның тау-кен металлургиялық және мұнай-газ саласының өнімін жеткізудің географиясын кеңейтуге ықпал етеді.

Жыл сайын шамамен 450 отандық кәсіпорын экспорттаушыларды мемлекеттік сервистік қолдау шараларымен қамтылады, осылайша ҚР ИДМ 2017 жылы Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы (Омск, Түмен және Новосибирск, Қазан), Беларусь және Моңғолия сауда миссиялары шеңберінде металлургия саласының 8 өндірушісіне  сервистік қолдау көрсетті. Қортындылары бойынша 19,9 млн. АҚШ доллары сомасына экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. 

Бұдан басқа, 2017 жылы «KazakhExport» ЭСК» АҚ Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасына экспорттау кезінде 25,7 млрд. теңге сомасына 4 кәсіпорынға сақтандыру қолдау көрсетті.

Жоғарыда жазылғанды ескере отырып, сондай-ақ  ресми статистикалық деректерді ескере отырып, жоғарыда қабылдаған шаралар өнім экспортының өсуіне толық көлемде әсер етеді.

10) 14-тармақ.  Құрық портын салудың екінші кезеңін – автомобиль өткелінің құрылысын іске асыру (орындау барысында)

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ақпараты бойынша бүгінгі күні Құрық портын салудың екінші кезеңі шеңберінде порт акваториясының түбін тереңдету және автомобильдік паромдық пирсін салу бойынша жұмыстар аяқталды, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды, қосалқы, қызмет көрсету және көлік шаруашылығының объектілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарында 383 адам және техниканың 242 бірлігі жұмылдырылған.

2017 жылғы 6 желтоқсанда Құрық портында автомобильдік паромдық терминалдың тестілік іске қосуы жүзеге асырылды. Екінші кезең объектілерін салуды аяқтау 2018 жылға белгіленген. Автомобильдік паромдық терминалдың жалпы жобалық қуаты жылына 2 млн. тонна жүкті құрайды.

2017 жылы бюджеттен бөлінген 50 млрд. теңге толық көлемде  игерілді.

Сонымен бірге, жобаны іске асыруды аяқтау үшін Ұлттық қордан гидротехникалық құрылыстардың салуын аяқтауға, инспекциялық-тексеріп қарау бақылау кешендерімен жабдықтауға, теміржолдардағы дабыл, орталықтандыру және бөгеу жүйелерін орнатуға, энергетика шаруашылығының объектілеріне, сондай-ақ Құрық портында терминалдарды автоматтандырылған басқару жүйесін енгізуге арналған 16,9 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінді.

11) 15-тармақ.  Үлкен қалалардың жақын орналасқан елді мекендермен көлік қатынасын дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау (орындалды)

Үлкен қалалардың жақын елді мекендермен көлік қатынасын дамыту үшін, әрбір аймақтарда (Астана және Алматы қалаларын қоспағанда) осы елді мекендермен тұрақты автобус маршруттарын ашу және дамыту, жақсы және қанағаттарлық жай-күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін көбейту, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тұрақты автобус маршруттарын субсидиялау көзделген іс-шаралардың кешенді жоспарлары әзірленді.        

Сонымен бірге, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен қала маңындағы 50 км радиустегі елді мекендермен тұрақты автобус маршруттары ұйымдастырылған, өйткені «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес республикалық маңызы бар қалалардың және астананың құзыретіне қаланың және қала маңындағы автобус маршруттарын ұйымдастыру кіреді.  

12) 35 - тармақ. ТКШ объектілерін жаңғырту үшін одан әрі жекешелендіру мүмкіндігімен оларды басқаруға және концессияға беру (орындалу барысында)

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау үшін Министрлікпен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін сенімгерлік басқаруға немесе концессияға беру бойынша Жол картасы бекітілген.

Жол картасы шеңберінде 33 МЖӘ жобаларын іске асыру жоспарланған, оның ішінде: 24 концессиялық жобалар, 4 жоба МЖӘ тетігінде сенімгерлік басқару бойынша , 5 жоба МЖӘ-нің басқа түрлері бойынша.

ЕРДБ қатысуымен Қызылорда қаласын сумен жабдықтау және су бұру мекемелерін сенімгерлік басқаруға беру және Маңғыстау облысы Құрық ауылындағы су тұщыландыру зауытын салу бойынша жобалар аса маңызды болып табылады.

Аталған жобаларды іске асыру ТКШ объектілерін тиімді басқаруды ендіруге, саланың инвестициялық сұранысын қанағаттандыруға және мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалықты төмендетуге мүмкіндік береді. Пилоты жобаларды сәтті жүзеге асыру осы тәжірибені ТКШ барлық салаларында қолдануға мүмкіндік береді.

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі