Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Министрлік туралы ереже

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы  «   »

№            қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустрия және елді индустриялық-инновациялық дамыту, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және тарату; техникалық реттеу, стандарттау және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын өндiру, уранды өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, аэронавигация және әуежайлар қызметі саласындағы табиғи монополия аясында  және әуежайлар қызметі саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету салаларындағы (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мынадай ведомстволары бар:

1) Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті;

2) Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;

3) Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті;

4) Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті;

5) Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті;

6) Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті;

7) Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.

10. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің миссиясы, негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің миссиясы:

индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, өнеркәсіптік қауіпсіздік, көмір өнеркәсібі, бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; экономика мен қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын көлік-коммуникация кешенін дамыту мақсатында теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары салаларында елді ғылыми-техникалық дамыту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа); шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету, экспорттық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

15. Мiндеттерi:

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, елді ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымы; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және тарату; техникалық реттеу, стандарттау және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды реттеу бойынша; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын өндiру, уранды өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; теміржол көлігі, автомобиль көлігі, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа); шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету салаларында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;

2) Министрліктің құзыретiне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

3) индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлау, мониторингтеу, ынталандыру, дамыту;

4) экономиканы әртараптандыру және үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту процестерін үйлестiрудi жүзеге асыру;

5) көліктің және оның өміршеңдік циклі процестерінің адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) көлік саласында инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру және жүргізу;

7) мемлекеттің және халықтың тасымалдауға мұқтаждығының болжамдарын әзірлеу;

8) көлік саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау;

9) экономиканың және республика халқының тасымалдауға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалына және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;

10) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, жаңа технологияларды, мүгедектер үшін бейімделген құрылғылар мен технологиялардың ұтқырлығын жеңілдететін құралдарды пайдалану;

11) жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік жұмыскерлерін мүгедектермен қарым-қатынас жасау және оларға қызмет көрсету дағдыларына, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;

12) көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау;

13) Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттiк реттеу функцияларын жүзеге асыру;

14) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды ықпалының алдын алу;

15) реттелетiн салаларда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

16) реттелетiн салаларда мемлекеттiк басқару;

17) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жылжыту кезінде гендерлік теңгерімді сақтау;

18) өз құзыретi шегiнде Министрлікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

16. Функциялары:

орталық аппараттың функциялары:

  1. реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру;
  2. мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын реттелетін салаларда (аяларда) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  3. экономиканың тиісті салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде бәсекелестікті дамыту жөнінде шаралар қабылдау және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасамау;
  4. ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
  5. реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  6. кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді;
  7. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  8. мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;
  9. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
  10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
  11. өз құзыреті шегінде реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
  12. кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдауды жүргізу;
  13. реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
  14. реттелетiн салаларда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
  15. соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;
  16. жеке кәсiпкерлік субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жасауға қатысуға үмiткер жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыру;
  17. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің құрамын бекіту;
  18. Қоғамдық кеңес құру;
  19. Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
  20. Министрліктің өзге де жұмыс органдарының жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуын келісу;
  21. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында Министрлік өкілдігінің дербес құрамын айқындау;
  22. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту;
  23. Қоғамдық кеңестің құрамын және оның ережесін бекіту;
  24. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
  25. азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобасын Қоғамдық кеңеске жіберу;
  26. Қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларды өткізу мерзімдерін келісу;
  27. Министрлік жұмысының нәтижелері туралы Қоғамдық кеңеске есеп беру;
  28. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін бекіту;
  29. халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен,                 сондай-ақ интеграциялық бірлестіктермен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  30. халықаралық ұйымдармен және (немесе) шет мемлекеттермен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу;
  31. реттелетін салаларда кадрлар қажеттілігін айқындау;
  32. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталға қатысу үлесіне) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
  33. дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде даму стратегиялары мен жоспарларын келісу;
  34. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  35. Қазақстан Республикасының Үкiметiне жыл сайын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының тиiмдiлiгi туралы ақпарат ұсыну;
  36. индустриялық-инновациялық даму саласында мониторингті және мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысу;
  37. индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторларды айқындау;
  38. индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлауды, мониторингтеуді, ынталандыруды, дамытуды жүзеге асыру;
  39. индустрияландыру картасын әзiрлеу;
  40. жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізу тәртібін әзірлеу;
  41. аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібін бекіту;
  42. еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту;
  43. конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  44. индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
  45. бағалы металдарды өндіру, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  46. асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалатын зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;
  47. құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына нормативтік құжаттарды бекіту;
  48. қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалы металдардан және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растау;
  49. құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларын бекіту;
  50. шикізат тауарларының түрлері бойынша жеке-дара технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіндегі бағалы металдарды өндіруші әрбір субъект үшін құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін белгілеу;
  51. бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;
  52. бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіндегі бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуды немесе уәкілетті органның осындай бас тартудың болуы туралы растамасын алу тәртібін айқындау;
  53. бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін бекіту;
  54. құрамында бағалы металдар бар әкетілетін шикізат тауарларынан көрсетімдік сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу тәртібі мен оның нысанын айқындау;
  55. инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау;
  56. Технологиялық саясат жөнiнде кеңес құру және оның ережесі мен құрамын бекіту;
  57. салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  58. технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын әзiрлеу және бекіту;
  59. жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  60. инновациялық гранттар беру кезiнде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтерiне ақы төлеу тәртiбiн әзiрлеу және айқындау;
  61. технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің көрсететін қызметтерін қоспағанда, осындай көрсетілген қызметтердің құнын айқындау, қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  62. тиісті салаға (мемлекеттік басқару саласына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды ортақ қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
  63. технологиялық болжау жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
  64. бес жылда кемінде бiр рет қорытындылар шығара отырып технологиялық болжауды тұрақты негiзде жүргiзу;
  65. инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары шеңберiнде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, инновациялық гранттар беру;
  66. технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негiзiнде инновациялық гранттар беруге қаражат бөлу;
  67. ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  68. ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн айқындайтын технологиялық меморандумдар жасасу;
  69. тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды жеткізушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн бекіту;
  70. индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын бекiту;
  71. индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi ұсынатын тиiстi мамандарға қажеттiлiк туралы мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау талап етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындау бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
  72. жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау көрсету және олардың отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу;
  73. жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негiзiнде индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа ілгерілету бойынша шығындарын өтеуге қаражат бөлу;
  74. экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын және Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау шараларын ұсыну және олардың отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу;
  75. индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну;
  76. жергiлiктi қамту бойынша сараптама жүргiзу қағидаларын әзiрлеу және бекіту;
  77. басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу;
  78. ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекiту;
  79. отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекiту;
  80. техникалық регламентті бекітуді қоспағанда, машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзірлеу, бекiту немесе келiсу;
  81. құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамытуды және ілгерілетуді жүзеге асыру;
  82. Қазақстан Республикасы салалық мемлекеттік органдарының шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіру;
  83. Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарымен шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  84. шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
  85. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды әзірлеу және бекіту;
  86. шикізаттық емес экспорт саласындағы салалық бағдарламаларды келісу;
  87. құзыреті шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету;
  88. отандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді экспорттауды ілгерілету кезінде сервистік-ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
  89. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау шараларын ұсыну және экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарта отырып, отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу;
  90. жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде берілетін отандық өнеркәсiптік кәсiпорындар тiзбесiне енгiзу үшiн отандық өнеркәсiптік кәсiпорындарды iрiктеу өлшемшарттарын әзiрлеу;
  91. жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде берілетін отандық өнеркәсiптік кәсiпорындар тiзбесiн әзiрлеу;
  92. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi ұйымдардың және мемлекеттiк органдардың сатып алуы кезiнде жергiлiктi қамтудың үлесiн ұлғайту жөнінде шаралар әзiрлеу және мемлекеттiк саясатты iске асыру;
  93. жергiлiктi қамту мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру және әдiснамалық қамтамасыз ету;
  94. Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргізу тәртiбiн айқындау;
  95. ғимараттардың, құрылыстардың және олардың қоршау конструкцияларының бөлігі болып табылатын элементтердің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;
  96. құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі талаптарын белгілеу;
  97. энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындау;
  98. энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін бекіту;
  99. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия тұтыну нормативтерін және электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін әзірлеу және бекіту;
  100. энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігін бекіту;
  101. көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу;
  102. технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;
  103. қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту;
  104. үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту;
  105. энергетикалық аудит жүргізу тәртібін бекіту;
  106. үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекіту;
  107. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым нысанын бекiту;
  108. энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарын бекіту;
  109. оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн айқындау;
  110. энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту;
  111. энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындау;
  112. энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын бекіту;
  113. үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын бекіту;
  114. энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін айқындау;
  115. энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу тәртібін айқындау;
  116. білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын бекіту;
  117. орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекіту;
  118. энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді бекіту;
  119. облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен және энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің арасында ерікті негізде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы келісім жасасу;
  120. энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекіту;
  121. Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғалармен Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың тәртібін, шартын және үлгілі нысанын айқындау;
  122. мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша импорты инвестициялық келісімшарттар аясында қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесін бекіту;
  123. Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғалармен бекітілген нысандар бойынша ауыл шаруашылығы техникасын, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік келісім жасасу;
  124. заңды тұлға шығарған моторлы көлік құралдары модельдерінің «Кеден одағына мүше мемлекеттердiң және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің аумақтарында «моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдану шарттары туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің                 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімінің 1-тармағы 4) тармақшасының бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешімдерді қабылдау;
  125. көлік құралдарының (көлік құралдары шанағы), өзі жүретін машиналар мен техникалардың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) электрондық түрде ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шанағы), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерін дайындаушы ұйымдар және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдардың) бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерін қалыптастыру және жүргізу;
  126. мүдделі тұлғалардың сұрау салулары бойынша көлік құралдарының (көлік құралдары шанағы), өздігінен жүретін машиналар мен техникалардың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шанағы), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерін дайындаушы ұйымдардың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдардың) бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерінде қамтылған мәліметтерді ұсыну;
  127. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту;
  128. электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс беру;
  129. көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеу, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу жөніндегі өкілеттіктерді ұйымдарға беру туралы немесе оларды беруден бас тарту туралы қорытынды беру тәртібі мен шарттарын айқындау;
  130. көлік құралы паспортының (көлік құралдары шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлері паспортының қорғаныш элементтеріне  қойылатын талаптарды бекіту;
  131. көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды бекіту;
  132. көлік құралдарын дайындаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларын бекіту;
  133. көлік құралын дайындаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту;
  134. өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілеу;
  135. мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту;
  136. өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыру тәртібін бекіту;
  137. өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілері, сондай-ақ атом энергиясын пайдалануға, магистральдық құбырлар мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызмет түрлері үшін оларға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;
  138. өнімдердің экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларын бекіту;
  139. импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидаларын бекіту;
  140. өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту;
  141. өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту;
  142. сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
  143. өнімнің қайта экспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту;
  144. химиялық өнімдердің жекелеген түрлерін есепке алу тәртібін бекіту;
  145. химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін бекіту;
  146. арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім мен сауалнаманың нысандарын бекіту;
  147. құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту;
  148. қоршаған ортаға әсері бағалай отырып, арнайы экономикалық аймақ құрудың тиісті техникалық-экономикалық негіздемесінің тұжырымдамасын, арнайы экономикалық аймақты құрудың немесе таратудың орындылығы мәселесін қарау үшін сарапшылық кеңестің қорытындысын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс енгізу;
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі