Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Нұр-Сұлтан қ. 4 қазанда жыл сайынғы Субконтракт Биржасы – 2019 өтеді

2019 жылғы 04 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Rixos President Astana («Zheryuik Hall» залы) ғимаратында «Субконтракт Биржасы – 2019» ірі іскерлік іс-шара өтеді.

Форум Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ұйымдастырылған.

Биржа жұмысына жер қойнауын пайдаланушылар, жүйе құрушы кәсіпорындар, ұлттық компаниялар, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысады.

Тапсырыс берушілер мен жеткізушілер сондай-ақ, жеткізушілер арасында бұйымдар, жиынтықтауыш құралдар, тораптар мен бөлшектер, қызметтер жасау және жеткізу мәселелері бойынша кооперациялық байланыс орнату үшін тікелей келіссөздер жүргізу Биржа өткізудің мақсаты болып табылады.

Биржа бизнестің өзара іс-қимылы, жаңа серіктестер мен жаңа нарықтар іздеу, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, B2B байланысы мен кооперациялық жобаларды қалыптастыруға арналған алаң болады.

Біз отандық тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірушілер мен тапсырыс берушілерді Биржа жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз. Қатысу үшін http://kidi.gov.kz/ сайтында тіркеуден өту қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: 8 (7172) 983-781 (8104, 1087). Нұр-Сұлтан қаласы. 2019 жылғы 04 қазан. Rixos President Astana («Zheryuik Hall» залы).

 

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі