Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Республикалық мүлікті берудің кейбір мәселелері туралы

Республикалық мүлікті берудің кейбір мәселелері туралы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан  Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің балансынан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының  (бұдан әрі – Қор) орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Қормен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап оның қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                     А. Мамин

Жарияланған: 13.02.2020
Жаңартылған: 13.02.2020
© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі