Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«РЕТТЕЛІП КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНУДЫҢ ҮЛГІЛІК ШАРТТАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұйрықты қабылдаудың мақсаты «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру. Бұйрықпен әуежайлар мен аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттары бекітілуде.

Бұйрық республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Бұйрық 2019 жылғы «17» қаңтарда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2059224). 

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі