Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

САТЫП АЛУЛАР ТУРАЛЫ АРНАЙЫ ХАБАРЛАНДЫРУ Қызығушылық білдіруге шақыру «Шығыс-Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы «Құрты-Бурылбайтал» және «Ұзынағаш-Отар» учаскелеріндегі құрылыс жұмыстары жобаларын басқару

САТЫП АЛУЛАР ТУРАЛЫ АРНАЙЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қызығушылық білдіруге шақыру

 

ЕЛ:                                        Қазақстан Республикасы

ЗАЕМ №:                             7681-KZ

ЖОБА:                                 «Шығыс-Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы

ТАПСЫРМА:                     «Құрты-Бурылбайтал» және «Ұзынағаш-Отар» учаскелеріндегі құрылыс жұмыстары жобаларын басқару

КЕЛІСІМ-ШАРТ №          SWRP/QCBS/PMC/01-2018 

Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта құру және Даму банкінен (ХҚДБ) «Шығыс-Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» Халықаралық транзиттік дәлізі үшін заем алды және аталған заем қаражатының бір бөлігін жалпы ұзындығы 85 км «Құрты-Бурылбайтал» (екі лот) және жалпы ұзындығы 96 км «Ұзынағаш-Отар» (үш лот) учаскелері жолдарын реконструкциялау аясындағы құрылыс жұмыстары жобасын басқару бойынша қызметті төлеуді жүзеге асыру үшін пайдалануға мүдделі. Жобаны басқару бойынша тапсырма төменде жете көрсетілген құрылыс жұмыстарының бес келісім-шартына қатысты:

Құрты-Бурылбайтал учаскесі:

·         Лот 1 км 2295-2335. Жалпы ұзындығы 40,0 км құрайтын, км 2295-2335 учаскесіндегі екіжолақты жолдан төртжолақты жолға өтумен жолды реконструкциялау. Жобаларды басқару бойынша кеңесші қызметін ұсыну жұмыстары 2018 ж. басталады және 34 ай бойы жалғасады.

·         Лот 2 км 2335-2380.  Жалпы ұзындығы 45,0 км құрайтын, км 2335-2380 учаскесіндегі екіжолақты жолдан төртжолақты жолға өтумен жолды реконструкциялау. Жобаларды басқару бойынша кеңесші қызметін ұсыну жұмыстары 2018 ж. басталады және 29 ай бойы жалғасады.

Ұзынағаш-Отар учаскесі:

·         Лот 1 км 63-101. Жалпы ұзындығы 38,0 км құрайтын, км 63-101 учаскесіндегі екіжолақты жолдан төртжолақты жолға өтумен жолды реконструкциялау. Жобаларды басқару бойынша кеңесші қызметін ұсыну жұмыстары 2018 ж. басталады және 32 ай бойы жалғасады.

·         Лот 2 км 101-143. Жалпы ұзындығы 42,0 км құрайтын, км 101-143 учаскесіндегі екіжолақты жолдан төртжолақты жолға өтумен жолды реконструкциялау. Жобаларды басқару бойынша кеңесші қызметін ұсыну жұмыстары 2018 ж. басталады және 35 ай бойы жалғасады.

·         Лот 3 км 143-159. Жалпы ұзындығы 16,0 км құрайтын, км 143-159 учаскесіндегі екіжолақты жолдан төртжолақты жолға өтумен жолды реконструкциялау. Жобаларды басқару бойынша кеңесші қызметін ұсыну жұмыстары 2018 ж. басталады және 16 ай бойы жалғасады.

Жобаны жүзеге асыруға жауапты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті (бұдан әрі – Комитет) қазір кеңес беру қызметін көрсетуге құқылы компанияларды («Кеңесшілер») аталған Тапсырмаға қатысты қызметті ұсынуға өз қызығушылықтарын көрсетуге шақырады. Қызығушылық білдірген Кеңесшілер тапсырманы жүзеге асыру үшін қажетті біліктілік пен сәйкес тәжірибесі бар екендігін растайтын ақпаратты ұсынуы тиіс.

Алдын ала іріктеу өлшемдері:

·         Құрылыс пен жолдарды реконструкциялау саласындағы жалпы тәжірибесі 10 жылдан кем болмауы тиіс;

·         Баламалы тапсырманы орындаған нақты тәжірибесі (сипаты мен көлемі); тым болмағанда жол саласында жобаларды басқару бойынша кеңесші ретіндегі бір тапсырмасы. Жобаларды басқару бойынша кеңесші ретінде орындалған тапсырмалар санының неғұрлым көп болуы қысқа тізімді жасау барысында басымдыққа ие болады.

Техникалық тапсырма қызығушылық танытуға құқылы өтініш жасаушының Комитет тарапына Өтініш жасаушы компанияның фирмалық бланкінде уәкілетті өкілмен қол қойылған жазбаша сауалын ұсынғаннан кейін қағаз және электронды тасығыш түрінде қабылдануы мүмкін.

Кеңесшілерге өз қызығушылықтарын білдіруді орыс тіліне аударылған күйде көрсету ұсынылады. Дегенмен орыс тіліне аударылғанды ұсынбау үміткерлерді іріктеуге әсер етпейді.

Қызығушылық білдіруші кеңесшілердің назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қайшылығына қатысты саясаты сипатталатын  Дүниежүзілік банк заем берушілерінің кеңесшілерді іріктеу мен жалдау бойынша нұсқаулығының 1.9 тармағына аударамыз.

Кеңесшілер басқа компаниялармен біріккен кәсіпорын түрінде немесе өз біліктіліктерін арттыру үшін қосалқы кеңесшілер ретінде жалдау арқылы біріге алады. Қызығушылық білдіруде қауымдастық түрін дәл көрсету қажет.

Кеңесшілер үшін нұсқаулықта баяндалған сапа мен құн бойынша іріктеу тәсіліне сәйкес кеңесшілер таңдалады.

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс уақыты 09:00-ден 18:30 аралығында, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін алуға болады.

Қызығушылықты білдіру төменде көрсетілген мекенжай бойынша (қарапайым пошта немесе электронды поштамен) 2018 жылдың 5 ақпаны, дүйсенбі күні сағат 16:00 дейін жазбаша нысанда жеткізілуі тиіс.

Назар аударуға:

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті

Жобаларды дайындау бөлімшесі

Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, Transport Tower Building

010000 Астана, Қазақстан

Тел: +7 (7172) 75 46 40

E-mail: d.sultanov@mid.gov.kz, k.utepbergenov@mid.gov.kz

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі