Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 666 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере торгового мореплавания»

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 666 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде     № 11649 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде            2015 жылғы 24 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

5) осы бұйрыққа  5-қосымшаға сәйкес «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Теңізде жүзу кітапшасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрі                                                                Р. Скляр

 

Жарияланған: 09.09.2019
Жаңартылған: 09.09.2019
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі