Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ШҚО мен Өскемен қаласына жөнелтілген көмір туралы ақпарат

Биыл қараша айында Шығыс Қазақстан облысына жоспарланған 524 мың тонна көмірдің 437 мың тоннасы жөнелтілді, жоспар 87%-ға орындалды. Соның ішінде коммуналдық-тұрмыстық көмір:

  • Жоспарланған 338 мың тоннаның 218,6 мың тоннасы жөнелтілді;
  • 65%-ға орындалды. Өскемен қаласына жоспарланған 189,4 мың тоннаның 128 мың тоннасы жөнелтілді, жоспар 67,5%-ға орындалды.

Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласына негізгі көмір жіберуші «Қаражыра» АҚ-ы. Биыл қараша айында жоспарланған 811,2 мың тоннаның 735,5 мың тоннасы тиеліп, жөнелтілді немесе 90,6%.

Көмір жеткізу жоспарының орындалмау себептері:

  • 21 мың тоннаға «Қаражыра» АҚ тарапынан бас тартқан хаттардың келуі;
  • «Қаражыра» АҚ-ның 186,3 мың тонна көмір сиятын бос вагондарды қамтамасыз етпеуі.

Мысалы, қараша айында орташа тәуліктік тапсырыс 389 вагон болғанмен 416 вагон қамтамасыз етілді. Орташа тәуліктік жөнелту 352 вагон болса, орташа есеппен тәулігіне 90 вагон тиелмей қалған.

Фото ашық ақпарат көзінен

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі