Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы" ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы №45 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 45 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2018 – 2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы З.С. Сагиновқа жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.

 

Министр                                                                                      Ж. Қасымбек

 

Жарияланған: 03.07.2018
Жаңартылған: 17.08.2018
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі