Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 176 бұйрығының

«Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі

үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 176 бұйрығының күшін жою туралы

 

«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 176 бұйрығының күші жойылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрілігіне күнтізбелік үш күн ішінде мәлімет үшін жіберуді;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                                           Р. Скляр

 

Жарияланған: 15.04.2019
Жаңартылған: 15.04.2019
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі