Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Тікелей инвестициялар қоры ірі жобаларды іске асыру кезінде шетелдік инвесторларға кепіл болады — Ж. Қасымбек Жолдауды іске асыру туралы

Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қор ірі әрі серпінді жобаларды жүзеге асыруда тұрақтылық пен сенімділікке кепілдік береді.

Ұлттық банктің статистикасына сәйкес, 2005 жылдан бастап еліміздегі тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі $265 млрд жетті. Бұл ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің деректері бойынша, Орталық Азияға тиесілі жалпы көлемнің 70%-ын құрайды.

«Біз мұнда көшбасшымыз, шамамен 50-55% тау-кен өнеркәсібіне, 15% өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Егер Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы басталғалы бері жыл сайынғы инвестицияның 8,5-9%-ы өңдеу саласына тиесілі болса, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 25%-ға жетті.Өсімнің артып келе жатқанын байқаймыз. Физикалық көлемнің динамикасы және өңдеуге жұмсалған инвестициялардың үлесі өсіп келеді», — деді Ж. Қасымбек.

Инвестициялар және даму министрі Мемлекет басшысының шетелдік инвесторлармен бірлескен инвестициялар қағидаты бойынша жұмыс істейтін шикізаттық емес секторда тікелей инвестициялар қорын құру туралы тапсырмасы аясында мемлекеттік органдармен және ұлттық холдингтермен бірлескен жұмыс тобы құрылғанын айтты. Сондай-ақ, халықаралық сарапшыларды тарту да жоспарланып отыр.

«Бұл халықаралық тәжірибе, шетелдік инвестордың Қазақстанға келуі үшін оған белгілі-бір қордың немесе мемлекеттің қатысуы бар компания түрінде сенімді серіктес қажет, ол шетелдік инвестициялар үшін белгілі бір кепілдік түрінде болады. Аталған қор ірі жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін құрылады», — деді ол.

Министрдің айтуынша, Қор жобаларды жүзеге асыру кезінде орнықтылық пен сенімділікті қамтамасыз етеді.

«Жобаның белгілі-бір құны бар делік, алайда 10-15% осы Қор арқылы мемлекет тарапынан қатысуды талап етеді. Шетелдік инвестор үшін бұл мемлекеттің тұрақтылықты қамтамасыз етуінің, аталған жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуінің қандай да бір кепілдігі. Бұл қорлар Ресейде бар, Қытайда, Еуропаның көптеген елдерінде осыған ұқсас қорлар бар, әлемдік тәжірибе бар және біз соған сүйенеміз», — деді Ж. Қасымбек.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында шетелдік инвесторлармен бірлесіп инвестиция салу қағидаты бойынша жұмыс істейтін Шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей инвестиция қорын құру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Источник: primeminister.kz

 
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі