Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 29 қараша 2018 жылғы № 693 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»

Түркістан қаласын жеделдете дамытудан, сонымен қатар қосалқы жұмыс орындарын құру мен Түркістан қаласының туристік әлеуетін жоғарылатудан және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 1. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

3 тармақ 8) және 9) тармақшаларымен толықтырылып, мынадай редакцияда жазылсын:

«8) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес халықаралық әуежайды, оның ішінде ұшу-қону жолақтарын салу және пайдалануға беру;

9) халықаралық әуежайды пайдалану.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі