Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 29 қараша 2018 жылғы № 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі Заңының 16-бабының  4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге келесі өзгерістерді енгізу туралы:

1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

«1. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде, қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.

 «АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 1938,0 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамында   3 субаймақ: ауданы 188,0 гектар тарихи орталық, ауданы 1350,0 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 400 гектар өнеркәсіптік аймақ».;

2. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

 

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі