Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Үкімет отырысына тезистер (11.12.2018 ж.)

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті әріптестер!

 

2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі 104,5%-ды құрады (жоспар 103,3%), оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 104,7%(жоспар 101,9%), өңдеу өнеркәсібінде 104,9%(жоспар 105,1%).

Еліміздің 14 өңірінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі сақталып отыр.

Ал, 3 облыста өсім төмендеді:Түркістан3,7%- ға(96,3%), Батыс-Қазақстан 4,4%-ға(95,6%), Қызылорда облысында6,7%-ға(93,3%).

Кен өндіру секторында өндіріс көлемінің артуына байланысты темір кенін өндіру көлемі «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамында 7,3%-ға өсті(жоспар 105,7%).

Түсті металл рудасының көлемі 3,9% құрайды(жоспар 106%).

Өңдеу өнеркәсібінде жылдық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді және бірқатар салаларда өсім байқалуда. Атап айтқанда, машина жасау саласында 15,7%-ға, былғары өнімінде8,1%-ға, химияөнеркәсібінде7,2%-ға,қағаз5,1%-ға,резеңке және пластмасс бұйымдары 2,9%-ға,жиһаз өндіруде 2,4%-ға өскен.

Көлік кешенінде11 айдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 104,6% құрады(жоспар – 104,8%).

Көлік кешенінде 11 айдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау (10 ай – 6,2%, 11 ай – 5,4%, бәсеңділік 0,8%), әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау (10 ай – 9,7%, 11 ай – 8,3%, бәсеңділік 1,4%), сонымен қатар құбырмен тасымалдау (10 ай – 21,3%, 11 ай – 20,6%, бәсеңділік 0,9%) бойынша нақты көлем индексініңөсім қарқыны шамалы бәсеңдеген.

Жоспарлы жылдық көрсеткішке транзиттік контейнерлерді (536 мың контейнер) тасымалдау көлемі мен Қытайға газ экспортын ұлғайту есебінен қол жеткізілетін болады.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі103,9%-ды құрап, (жоспар - 103,6%)жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілді.

13 облыста оң серпін байқалады.

Бұл  ретте, 4 өңірде көрсеткіштің төмендеген(Акмола облысында (-11,8%), Павлодар облысында (-2,1%), Жамбыл облысында (-11,2%) және Астана қаласында (-13,4%)).Себептері слайдта көрсетілген.

Алайда,  жылдық 103,6% жоспарға орай өсімніңаздығы республиканың 5 өңірінде байқалады. Олар Маңғыстау облысы (102,6%), Қызылорда облысы(101,6%), Түркістаноблысы(101,4), Атырауоблысы (101%)жәнеАлматы облысы (100,4%).

Бұл өңірлерге жылдық жоспарды орындау үшін құрылыс жұмыстарының өсім қарқынын күшейту қажет.

Жалпы құрылыс бойынша жоспарланған жылдық көрсеткішті (103,6%)Атырау облысындағы600 млрд. теңгеден астам, Астана қаласындағы 530млрд. теңгеден және Алматы қаласындағы 340 млрд. теңгеден астам құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі арқылы орындау күтіліп отыр.

Құрылыс жұмыстарының өсім қарқынына тоқсан сайынғы шағын кәсіпкерлік субъектілердің ұсынған есептері әсер етеді. Осы арқылы әр тоқсан қорытындысы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізіледі (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері есепті – ай сайын тапсырады. 12 ай қорытындысы бойынша НКИ -  ≤ 104% күтілуде)

Тұрғын үй құрылысында 11 айдың қорытындысы бойынша 11,0 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,3%-ды құрады. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жылдық жоспары 91%-ға орындалды(жоспар 12,1 млн. ш.м).

Жалпы республика бойынша 96 761 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 37 026  - жеке тұрғын үй бар.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемінің ұлғайуы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 16 өңірінде жалғасуда.

Тұрғын үйлерді қолданысқа беру көлемінің төмендеуі тек Павлодар(-5,3%)облысында байқалады.

Жалпы, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Министрлік жетекшілік ететін барлық салалар бойынша нақты көлем индексінің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу жоспарланып отыр.

 

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі