Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Вице-министр А.К. Қабыкеновтін сөзі

Менің өзімнің сөзімнің басында 2018 жылдың 11 айының ішінде экспорттың динамикасына қатысты қысқаша есеп беру үшін рұқсат етіңіздер, оның ішінде шикізаттық емес экспортқа.

Ағымдағы жылдың 11 айында экспорттың жалпы көлемі 54,7 млрд. АҚШ долл. құрады және өткен жылдың теңдес кезеңімен салыстырғанда 26,4%-ға өсті (мұнай жеткізудің ұлғайуы есебінен 44%-ға 23,1-ден 33,3 млрд. АҚШ долл.-на дейін, табиғи газ 49,7%-ға 1,4-ден 2,1 млрд. АҚШ долл.-на дейін, бидай 60,6%-ға 450,1-ден 722,8 млн. АҚШ долл.-на дейін, арпа 126%-ға 109,3-тен 247,2 млн. АҚШ долл.-на дейін) шикізат емес тауарлар экспортының көлемі 2,9% артып, 14,3 млрд. АҚШ долл. құрады. АҚШ (2017 жылдың 11 айында 13,9 млрд АҚШ доллары).

Анықтама:

Шикізаттық емес экспорттың өсуі мыс катодтарын жеткізудің ұлғайуы есебінен 12,9%-ға 1,8-ден 2,04 млрд. АҚШ долл.-на дейін; мазут 7,8%-ға 498,1-ден 536,9 млн. АҚШ долл.-на дейін; легирленбеген алюминий 22,9%-ға 418-ден 514 млн. АҚШ долл.-на дейін; алюминий тотығы 5,4%-ға 291-ден 306,7 млн. АҚШ долл.-на дейін; сұйытылған газ 32,6%-ға 412,5-тен 547,2 млн. АҚШ долл.-на дейін.

Бұл ретте шикізаттық емес экспорттың басқа позициялары  бойынша құлдырау байқалуда: феррохромды жеткізу азаю есебінен 2,4%-ға 1,67-ден 1,63 млрд. АҚШ долл.-на дейін (әлемдік бағалардың құлдырауы); өңделген уран 4,6%-ға 1,8-ден 1,1 млрд. АҚШ долл.-на дейін (ҚХР нарығына жеткізілімдердің төмендеуі); өңделмеген мырыш 211,6%-ға 710,1-ден 227,9 млн. АҚШ долл.-на дейін (ҚХР нарығына жеткізілімдердің төмендеуі, ал 2017 жылы мырыш рекордтық мөлшерде ҚХР-на импортталды 2,3 млрд. АҚШ долл.-на 2016 жылы 1,2 млрд. АҚШ долл.-на қарағанда); күміс 20,1%-ға 459,8-дан 367,3 млн. АҚШ долл.-на дейін (Ұлыбритания нарығына жеткізу көлемінің азаюы); бидай ұны 5,2%-ға 408,5-тен 387,3 млн. АҚШ долл.-на дейін (негізгі елдер Ауғанстан мен Өзбекстанның ұн импортын төмендетуі); тазартылған мыс 46,3%-ға 285-тен 153,1 млн. АҚШ долл.-ға дейін (Түрік нарығына жеткізілімдердің төмендеуі); тазартылған қорғасын 22,3%-ға 229-дан 177,8 млн. АҚШ долл.-на дейін (Вьетнам және ҚХР нарықтарына жеткізілімдердің төмендеу, 2017 жылмен салыстырғанда аталған елдерге импорттың төмендеуі байқалуда, АҚШ (РФ пайдасына асып кету) және Испания (Ливан пайдасына асып кету).

Өңдеу өнеркәсібіндегі экспорттың үлесі соңғы 5 жылда 9%-ға өскендігін атап кеткім келеді (2013 жылы 23%-дан 2017 жылы 32%-ға дейін, 2018 жылдың 11 айынын қорытындысы бойынша 26,1% үлесін құраған)

Анықтама: 5 жыл ішінде түсті металлдардың есебінен ұлғаюына байланысты 39,6%-дан 41%-ға, қара металдар 15,2%-дан 25%-ға.

Бүгінгі таңда Қазақстан 119 елге 800-ге жуық өнім экспорттайды.

Анықтама:

Негізгі шикізат тауарлар: шикі мұнай (82,4%), мұнай газдары (5,1%), мыс кендері мен концентраттары (2,6%), бидай мен меслин (1,8%), темір кендері мен концентраттары (0,7% шикі күкірт (0,6%), тас көмір (0,5%), мырыш кендері мен концентраттар (0,5%), хром кендері мен концентраттар (0,4%).

Негізгі шикізат емес тауарлар: мыстан катод (14,3%), феррохром (11,4%), өңделген уран (7,9%), мұнай өнімдері (6,5%), алюминий (3,6%), бидай ұны (2,7%), күміс (2,6%), өнделмеген цинк (1,6%), алюминий оксиді (2,1%), тазартылған мыс (1,1%).

Сонымен қатар Қазақстанның экспорттық қоржыны жыл сайын орта есеппен алған 5-8 өнім топтарымен  толықтырылады. Атап айтқанда, 2017 жылы экспорттық тауарлардың жаңа топтары автокөліктер, күн панельдері, газ қазандықтары, картридждер, рельстер және пост терминалдар.

2018 жылы БАӘ нарығына балды өнеркәсіптік мөлшерде экспорттай бастадық

(2 млн. АҚШ долл.-на 5тонн. «Пасека» ШҚ), ҚХР нарығына алғаш рет қазақстандық балмұздақты шығара бастадық (экспорт соммасы 3 млн. АҚШ долл. «ШинЛайн» ЖШС).

Біздің Министрліктің қолдауымен ҚХР-да ұйымдастырылған сауда-экономикалық миссияның шеңберінде, алғаш рет Қытай нарығына қазақстандық ет жеткізілімдер жүзеге асырылды (бірінші жөнелту мұздатылған қой етінің 20 тоннасы), келісім-шарт ұзақ мерзімге, 5 жылға  жасалды (20 мын. тонн. 96 млн. АҚШ долл. соммаға «Кублей» ЖШС).

2018 жылдың 19 қазанында Сиань қаласында Қазақстанның бірінші сауда үйі ашылды, онда ағымдағы жылы қазақстандық өнімдерді ұсынатын болады, олар сонымен қатар ҚХР электрондық сауда желілерінде де ілгерілетілетін болады.

Экспортты ілгерілету шеңберінде бүгінгі күні мемлекеттік қолдаудың әртүрлі қаржылық немесе қаржылық емес шаралар көрсетілуде. Мемлекеттің қаржылық шараларының операторы «Бәйтерек»ҰБХ» АҚ-ы, қаржылық емес шараларының «Атамекен»ҰКП-ы.

2018 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық қолдау көрсету шараларының шеңберінде «KazakhExport»ЭСК» АҚ-ы бағыты бойынша 50 экспорттаушыларға қолдау көрсетілген, оның ішінде 27 кәсіпорын алғаш рет аталған қолдауды пайдаланды («Шымкентмай» АҚ, «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС, «KSP Steel» ЖШС, «КЭМОНТ» АҚ, компаниялардың жалпы тізімі 3-1 слайдта)

Қолдау көрсетілген экспорттық келісімшарттардың соммасы 419,7 млрд. тг. құрады. («Қайнар-АКБ» ЖШС - 82 млрд. тг., «Баян Сұлу» АҚ - 61 млрд. тг, «Рахат» АҚ - 30 млрд. тг, «АГФ груп» ЖШС - 11 млрд.тг.)

Анықтама:

Бүгінгі таңда сақтандыру міндеттемелерінің көлемі 90,2 млрд. тенге; сауданы қаржыландыру 10,26 млрд. теңге; экспорттқа  дейін қаржыландыруға 6,91 млрд. теңге.

2018 жылдың қорытындысы бойынша экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсету аясында 400-ден астам экспорттаушылардың қатысуымен шетелде 50-ден астам іс-шаралар өткізілді (2017ж. - 350, 2018ж. - 423). Қазақстандық экспорттаушылардың шетел көрмелер мен сауда миссияларына қатысуы шамамен жарты миллиард АҚШ долларын құрайтын 100-ден астам экспорттық келісім-шарт жасасуға мүмкіндік берді (2017ж – 22 келісімшарт 196 млн. АҚШ долл. сомаға, 2018ж. – 106 келісімшарт 491 млн. АҚШ долл. сомаға).

Анықтама: 2018 жылы өткізілді:

  • 11 елдерде 15 сауда миссиялары (БАӘ, Ауғанстан, ҚХР, РФ, Түркия, Монғолия, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия); - 202 қазақстандық өнімн өндірушілер («IТ&М» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Цесна-Астық» Концерн» ЖШС,«Pavlodar Tube Rolling Plant» ЖШС,«Келет» АҚ және т.б.);
  • 95 ұйымнда - 7 жарнамалық және презентациялық іс-шаралар («Кас-Хим» ЖШС, «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ, «Арал Тұз» АҚ, «Кублей» ЖШС, «Ет өндіруші зауыт»Бижан ЖШС, «Қайнар-АКБ» ЖШС, «Пасека» және т.б.) 4 елде (ҚХР, Әзірбайжан, РФ, Италия);
  • 12 елде 27 шетелдік көрмелер (Украина, РФ, КХР, Италия, Түркменстан, Германия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекістан, Сауд Арабаиясы және БАЭ) - отандық 52 ұйым («КазФосФат» ЖШС, «Шин Лайн» ЖШС, «КондиЗ» ЖШС, «АРБЗ» ЖШС және т.б.)
  • 4 ұлттық стенд (63 отандық ұйым («Баян Сұлу» АҚ, «Казэнергокабель» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Дольче» ЖШС, «Кублей» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС және т.б.), 4 елде (Түрікменстан, РФ, Өзбекстан, ҚХР).

2018 жылы келісімшарттар жасалынды: Ауғанстанға рельстер жеткізу 201 млн. АҚШ долл. соммаға «АРБЗ» АҚ; ҚХР ет жеткізу 96 млн. АҚШ долл. соммаға «Кублей» ЖШС; ҚХР бал жеткізу 28 млн. АҚШ долл. соммаға; кондитерлік өнімдерді жеткізу «Рахат-Сибир» ЖШС-нен «Рахат» ЖШС кондитерлік өнімдерін жеткізу 14,5 млн. АҚШ долл. соммаға)

Сонымен қатар, экспорттаушыларға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында, жыл сайын «Exporter» журналының 1000 данадан астамы айналымға шығарылады.

Анықтама: сервистік қолдау (2018ж.) мыналарды қамтиды:

1. қазақстандық кәсіпорындардын экспортты басқару саласындағы мамандарын оқыту - 42,1 млн. тг.

2. Шетелде сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу - 292,3 млн. тг.

3. Қазақстандық тауар белгілерін сыртқы нарықтарға ілгерілету - 89,8 млн. тг.

4. Отандық кәсіпорындардың шетелдік мамандандырылған көрмелерге қатысуын ұйымдастыру - 248,3 млн. тг.

5. Халықаралық көрмелерде қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін бірыңғай форматта ұлттық стендке шығару (ұлттық павильон) - 132,7 млн. тг.

6. қазақстандық экспорттаушыларға www.export.gov.kz порталын сүйемелдеу - 42,1 млн. тг.

7. «Қазақстанның экспорттық өнімдері» электронды анықтамалығын дайындау және жариялау - 20 млн. тг.

8. Қазақстандық өңделген өнімдерді гуманитарлық сатып алу нарығына ілгерілету - 36,5 млн. тг.

9. Республикалық маңызы бар телеарналарда экспортты дамыту мен ілгерілетуге жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік шараларды насихаттауға бағытталған телебағдарламаны жасау және орналастыру - 25 млн. тг.

10. Авиация мен теміржол тасымалдаушыларының журналдарының беттерінде экспортты дамыту және ілгерілету бойынша мемлекеттік көмек туралы кем дегенде 5 жарнамалық материалдарды дайындау және жариялау - 5 млн. тг.

11. «Exporter» журналын дайындау, жариялау және тарату - 18,5 млн. тг..

Бүгінгі күні  қазақстандық өнімдерді жақын маңдағы елдерге экспортын арттыруға мүмкіндік бар, ол РФ, Әзірбайжан, ҚХР, Өзбекстан, Украина және Иран сияқты.

Машина жасау, тамақ, сүт, сондай-ақ құрылыс материалдары өнімдері негізгі әлеуетті өнімдер болып табылады.

Анықтама: РФ, ҚХР және таяу шетелдердегі әлеуетті экспорттық тауарлар: құбырларға арналған арматуралар; қара металл өнімдері; қара металдардан металл конструкциясы; химиялық және тамақ өнеркәсібі өнімдері..

Ағымдағы жылы «Атамекен» ҰҚП 1400-ден астам отандық өндіруші, соның ішінде экспортқа бағытталған 368 кәсіпорындар бар, сертификатталған. Министрлік мемлекеттік қолдаудың қажетті шаралары үшін экспорттаушылар тізімінен 300-ден астам компанияға сауалнама жүргізді.

Ұсыныстардың шамамен 60% қаржылық қолдау шаралары, атап айтқанда жеңілдікті несиелендіру, қайта қаржыландыру, субсидиялау, салықтық жеңілдіктер және көлік шығындарын өтеу қажеттілігі болып табылады.

Сондай-ақ, экспорттаушыларға инфрақұрылымды құруға, шикізатпен қамтамасыз етуге, ҚҚС қайтаруды жеделдетуге, сондай-ақ шетелде сауда кедергілерді жоюға көмек көрсету ұсынылады.

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардын әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын сай, дәстүрлі нарықтарын айырмалу, сонымен қатар экспорт көлемін және географиясын арттыру мақсатында 500 млрд.тенге бөлінді.

Бөлінге қаражат келісі бағыттарға жолданады:

Бірінші: бұрын бөлінген 220 млрд. теңге есебінен экспортқа бағытталған жобаларды қаржыландыру  («ҰБХ «Бәйтерек» АҚ, «ҚДБ» АҚ, «ДАМУ» КДҚ) - 95 млрд. теңге (65 млрд.теңге ҰҚ, 30 ҚДБ қарызға алынған қаражаты), 125 млрд теңге ҰҚБК қайта бөлу.

Екінші: 80 миллиард теңгеге жаңа қаржыландыру (экспорттаушылар мен импорттаушыларға «ҚДБ» АҚ арқылы несие беру) 

Үшінші: «KazakhExport ESC» АҚ жарғылық капиталын 68 млрд. теңгеге ұлғайту. 102 млрд. теңге мөлшерінде мемлекеттік кепілдіктердің жаңа түрін енгізу;

Төртінші: отандық экспорттаушыларға көлік шығындарының бір бөлігін өтеу тетігін енгізу 20 млрд теңге қамтамасыз етілді;

Аңықтама үшін: жоғары қосылған құны бар экспортталатын тауарды тандау ұсынылады,  олардын көлік шығындарының бір бөлігі 30% - 50% дейін өтледі. Компанияларды тандау шарты

(ҚР «Атамекен» ҰКП әзірленген):

  • Тауар экспорты > 100 мын.АҚШ долл;
  • Экспортталатын тауардын жоғары қосылған құны
  • Экспортталатын тауардын Бәсекеге қабілеттілігі;
  • Жергілікті мазмұны.

Бесінші: дәстүрлі типтерді күшейту және сервистік қолдаудың жаңа құралдарын енгізу 10 млрд.теңге. Сауда-экономиқалық миссия, ұлттық стенд, тауардын маркетинг ілгерілетуі («Атамекен» ҰКП)

Экспорттық пайдасы 2021 жылға дейін күтілетін өсуі 725 млрд. теңгені құрайды.

Экспорттаушыларға қызмет көрсетуді қолдау шеңберінде 2019 жылда  15 сауда миссиясын өткізу, сауда белгілерін ілгерілету үшін 7 іс-шара, шетелдік мамандандырылған көрмелерде кемінде 50 кәсіпорынның қатысуын қамтамасыз ету, 6 Ұлттық стендтерді ұйымдастыру, кәсіпорындардың диагностикасын ұйымдастыру, оның ішінде кәсіпорындар мен бизнес-процестерді талдауды, өнімді талдау, өнімдерге деген сұранысты талдау, сондай-ақ шет елдерде өнімдерді маркетингтік ілгерілету жоспарлануда (Facebook, Instagram, Youtube және т.б. бренд контентті құру және ілгерілету).

2019 жылы сервистік қолдаудың жаңа шараларын енгізу үшін Орталық Азия, Қытай, Түркия, БАӘ елдерінде сауда миссияларын ашу және олардың санын 1-ден 11-ге дейін арттыру жоспарланып отыр.

Аңықтама: РФ – 57; Белоруссия – 40; Өзбекистан – 12. ҚР – 1.

РФ-нің тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстан үшін экспорттық нарықтарға (Тәжікстан, Өзбекстан, Түркменстан және т.б.) дәстүрлі өкілдіктер ашылғаннан кейін бұл елдерге экспорт орта есеппен 3 есеге артты.

Бұл өкілдіктердің мақсаты қазақстандық экспорттаушыларды шетелде қолмен сүйемелдеу.

Сонымен қатар сыртқы нарықтарға қолжетімділікті жеңілдету үшін шетелдік техникалық регламенттер мен талаптарды мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару жоспарланып отыр.

export.gov.kz порталы экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау алуды жеңілдету үшін жаңартылған, онда әрбір кәсіпкер экспортты ілгерілетуге байланысты қызметтерді ала алады, сондай-ақ сауда-экономикалық миссияларға қатысуға өтінім бере алады.

Бұдан басқа, порталды жетекші нарықтармен, логистикалық қызметтер диспетчерлерімен және электрондық кедендік декларациялау жүйесімен біріктіру жоспарланып отыр.

ҚХР, БАӘ және Иранның нарықтарына кіруді жеңілдету үшін осы елдерден инспекциялық комиссияларын қазақстандық экспорттаушылардың кәсіпорындарына бару үшін шақыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, осы жылы біз шетелдік сатып алушыларды (Metro (Қытай, Ресей, Таяу Шығыс), Migros (Түркия), Ашан (Ресей, ЕО), Wumart (Қытай), Vanguard (Қытай), Yonghui (Қытай) отандық тауар өндірушілермен кездесу үшін шақыруды жоспарлауда.

«ҚазақЭкспорт» ЭСК АҚ жол бойынща қаржылық қолдау шараларын күшейту мақсатында 102 млрд. теңге мөлшерінде жаңа түрі мемлекеттік кепілдік берудің енгізілетін болады, компанияны 68 млрд. теңге капиталдандырылады, бұл сақтандыру сыйымдылығын 215 млрд теңгеге дейін арттырады. Бұл «KazakhExport» АҚ-ның қаржылық қолдау шараларын, Қазақстанның өңдеуші секторындағы экспортқа бағдарланған компанияларға сақтандыруды қолдау мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

Анықтама: ағымдағы капитал 42 млрд. теңге - 2018 жылға арналған 50 компания қамтиды (2017 және 2018 жыл - 69 компания).

Капиталдандырудың болжамды әсері және мемлекеттік кепілдіктерді енгізу - экспорттық түсімдерінің 210,2 млрд. теңгеге өсуі, сондай-ақ салық түсімдерінің 14,6 млрд. теңгеге өсуі.

Жеңілдікті несиелендіру және экспорт алдындағы қаржыландыру үшін 300 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.

Осы құралдардың ретінде экспортқа бағытталған жобаларды қолдау жоспарлануда:

«ҚДБ» бойынша:

- 95,8 млрд. теңге - ірі экспортқа бағытталған жобаларды жылына 8% мөлшерінде 3 жылға дейін тікелей қаржыландыру.

Анықтама: ҚДБ 18 жоба бойынша Пайплайн (9-2-1 слайд) ұсынылды, оның ішінде: 76,8 млрд. теңгеге 15 жоба мақұлданды; 29,0 млрд. теңгеге 3 жоба қарастыруда.

- 25 млрд. теңге - ірі кәсіпкерлік субъектілерін ЕДБ арқылы 6% мөлшерінде қаржыландыру (Ұлттық қор қаражаты).

- 80 млрд. теңге - экспортқа дейінгі қаржыландыру үшін.

ҚДБ арқылы жіберілетін қаражаттың болжамды әсері 275 млрд. теңге көлеміндегі экспорттық түсімдердің ұлғаюы, сондай-ақ салық түсімдерінің 17,5 млрд. теңге артуы (2019-2021 жж.).

«Даму» арқылы (100 млрд. теңге) ЕДБ арқылы экспортқа бағытталған ШОБ жобалары.

Анықтама: 2019 жылы әр түрлі секторларда (азық-түлік, химия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және т.б.) 77 экспорттаушы компанияны (9-2-2 слайд) қаржыландыру жоспарлануда.

Жоспарланған нәтиже - 240 млрд. теңге көлеміндегі экспорттық түсімнің ұлғаюы, салық түсімдерінің 14,4 млрд. теңгеге артуы.

Жоғарыда аталған шараларды табысты жүзеге асырылса, тауардың шикізаттық емес экспортының көлемі 2022 жылға дейін - 22,4 млрд. АҚШ долларына дейін артады.

Анықтама:

Экспорттық географияны кеңейту жоспарлануда:

1. Мысыр, Әзербайжан, Өзбекстандағы теміржол өнімдері.

2. Грузияға аммоний нитраты;

3. АҚШ, Чехия, Германия, Польша елдерінде сары фосфор мен фосфор-калий тыңайтқыштары;

4. Моңғолияға балмұздақ;

5. Ауғанстанға, Сингапурға, Қытайға су, сүт, ет;

6. Қырғызстанға автокөліктер;

7. Тәжікстанға арматура;

8. Татарстанға Natura bogata маркалы астық;

9. Жапонияға сафлор майы.

Жаңа экспорттық өнімдер:

1. Ресей Федерацияға натрий цианиды;

2. Ресей Федерацияға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Қытайға, Еуропаға, Иранға жарма;

3. Ресей Федерацияға, Тәжікстанға үлкен сөмкелер;

4. Ресей Федерацияға, Қырғызстанға, Тәжікстанға аммоний сульфаты,;

5. Жапонияға, Ұлыбританияға, Түркияға, Ауғанстанға, Түрікменстанға, Белоруссияға алкогольсіз сусындар және хром өнімдері.

6. Көрші елдерге құрылыс қызметтері, синтетикалық микрофибра, шойын өнімдері, автобустар.

Жаңа компаниялар экспортталады:

«Юникс» ЖШС (Ресей Федерацияға, Өзбекстаға алкогольсіз сусындары), «Сей-Нар» ЖШС (Өзбекстанға,  Ауғанстанға бидай ұн), «КазхимСинтез» ЖШС (ТМД елдерінің индустриялық реагенттері), «Ордабасы-НАС» ЖШС (Ауғанстанға бидай ұн), «Терра» ЖШС (Рейсей Федерациясына сиыр еті), «ГРК МЛД» ЖШС (Ресей Федерациясына мыс концентраты), «Спецэлектра» ЖШС (Ресей Федерациясына жабдықтар), «Динатрон» ЖШС (Жапонияға сирек кездесетін металдар), «Каспий-Атырау» ЖШС »(Германияға, Туркияға жүннен жасалған бұйымдар)

Назар аударғанызға рахмет!

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі