Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шартын бекіту туралы

 

Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шартын

бекіту туралы

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен:

  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Жарияланған: 14.02.2020
Жаңартылған: 14.02.2020
© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі