Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жылыту маусымы бойынша баяндама 2018 жылғы 25 желтоқсан

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті әріптестер!

2-3-слайдтар

Жылыту маусымының барысына қатысты

2018-2019 жылдардағы жылыту маусымы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде тұрақты режимде өтіп жатыр.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымының барысына, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су тарту желілерінде болған технологиялық ақауларға мониторинг жүргізеді.

Әкімдіктер және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Министрлікке күнделікті негізде нысандарда болған технологиялық ақаулар туралы ақпарат беріп отырады.

Жылыту маусымы басталғаннан бері коммуналдық жүйелерде 24 технологиялық ақау тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе кем (45), оның ішінде: дербес қазандықтарда - 4 (Ақмола облысы - 1, Алматы облысы - 1, Батыс Қазақстан облысы - 2), жылумен жабдықтау желілерінде – 6 (Қарағанды облысы – 2, Солтүстік Қазақстан облысы - 1, Алматы қаласы – 3); сумен жабдықтау және су тарту желілерінде – 14 (Ақмола облысы - 1, Шығыс Қазақстан облысы - 5, Батыс Қазақстан облысы – 3, Қостанай облысы - 1, Алматы қаласы - 3, Астана қаласы – 1).

Әкімдіктер аталған технологиялық ақауларды қысқа мерзімде қалпына келтірді. 

Анықтама:

Өткен жылдың осындай кезеңінде 45 технологиялық бұзушылық тіркелді:

  • жылумен жабдықтау жүйелерінде – 11;
  • сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде  – 34.

24 жағдайға технологиялық бұзушылықтар азайғаны белгілі болды.

Авариялық жағдайлар көп тіркелген өңірлер мыналар: Алматы қаласында - 6 (жылумен жабдықтау желісінде – 3, сумен жабдықтау және су бұру желісінде – 3), Батыс Қазақстан облысында - 5 (сумен жабдықтау және су бұру желісінде – 3, дербес қазандықтар - 2); Шығыс Қазақстан облысында  – 5 (сумен жабдықтау және су бұру желісінде – 5);

Талдау көрсеткендей, технологиялық ақаулардың көбі сумен жабдықтау және су тарту желілерінде тіркелген. Олардың саны 14.

Анықтама:

  • Дербес қазандықтардың саны 10 558 бірлік.
  • Жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 13 060 км, орташа тозуы 61 %.
  • Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 77 954 км, орташа тозуы 48 %.
  • Су бұру желілерінің ұзындығы 15 626 км, орташа тозуы 61 %.

Осы орайда, өңірдегі әкімдіктер халықтың күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне бақылауды күшейтулері керек. Сондай-ақ, технологиялық ақауларды жылдам қалпына келтіріп, жылыту маусымына жауапты адамдардың кезекшілігін мереке күндері де ұйымдастыру қажет деп санаймыз.

4-5 слайдтар

Дебиторлық берешекке қатысты

Өткен жылдың осындай кезеңінде тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 13 млрд. 132 млн. теңгені құраған болатын.

2018 жылдың 1-ші желтоқсанындағы жағдай бойынша бұл берешек 12 млрд. 995 млн. теңге болады. Яғни, 137 млн. теңгеге азайған.

Ең көп дебиторлық берешек Шымкент (2 618 млн. теңге) Астана (2 455 млн. теңге), Алматы қалаларында (1 718 млн. теңге), және Маңғыстау (1 581 млн. теңге), Қарағанды облыстарында (852 млн. теңге) сақталып отыр.

Әкімдіктер дебиторлық берешекті азайту жұмыстарын бақылауды күшейтулері керек және берешектердің өсуіне жол бермеулері қажет деп санаймыз.

6 слайд

Көмірмен қамтамасыз етуге қатысты

Соңғы деректер бойынша биыл жыл басынан 20-шы желтоқсанға дейінгі аралықта еліміздің көмір өндіруші компаниялары 109,2 млн.тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде), бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 процентке (5 млн. тонна) артық.

Энергия өндіруші кәсіпорындарға 56,4 млн. тонна көмір жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (54,4 млн.тонна) салыстырғанда 103,8 процентті құрайды.

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 12,4 млн. тонна көмір жөнелтілді. Бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен (12 млн.тонна) салыстырғанда 103,3 процентті  құрап отыр.

Осы кезеңде 27,7 млн. тонна көмір экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (27,8 млн.тонна) салыстырғанда 99,5 процентті  құрап отыр.

2018 жылдың соңына дейін көмір өндіру көлемі шамамен 112 млн.тонна болады, деп күтілуде. Бұл 2017-ші жыдың көрсеткішімен салыстырғанда 5,3 млн. тоннаға артық.

Анықтама ретінде: 2017 жылы көмір өндіруші компаниялар 106,7 млн.тонна көмір өндірді, бұл 2016 жылға қарағанда 8,3 процентке артық (98,5 млн. тонна).

Биыл жылыту маусымы басталғаннан бері (1 мамыр-20 желтоқсан аралығында) теміржол көлігімен 46,8 млн. тонна көмір тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9 млн. тоннаға (4,2 процент) артық.

7-8 слайдтар

Өзіңіз білетіндей, жылу беру маусымының басында әкімдіктердің тапсырысына орай біз коммуналдық-тұрмыстық нысандар мен халық үшін 2018-2019 жылдарға арналған көмірдің жоспарлы қажеттілігін айқындадық.

Жоспарлы қажеттілікті қамтамасыз ету мониторингі Энергетика министрлігімен бірлескен бұйрық аясында жалғасуда («2018-2019 жылдардағы жылыту кезеңіне дайындыққа және оның өтуіне мониторинг және электр станцияларын, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі штаб құру туралы»).

Бүгінгі күнде, жылдық жоспарға сәйкес көмір қорымен қамтамасыз ету 90,4 процентті құрайды.

Барлық өңір көмір жеткізу кестесінің жылдық жоспарын уақытынан бұрын орындауда: (Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы – 100 %; ШҚО – 95,4 %; Қарағанды обл. – 97,2 %; Павлодар обл. – 97,2 %; СҚО – 94,5%; Түркістан обл. – 97 %; Ақтөбе обл. - 93,3%; Алматы қ. – 98,4%).

Ақмола облысы (53%) мен Астана қаласына да (69,3%) көмір жеткізудің айлық жоспары уақытында орындалып келеді.

Сонымен қатар, әкімдіктер мен көмір сатушылар арасында жасалған меморандумдар есебінен соңғы 1 айда еліміздің барлық өңірінде  коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен халыққа сатылатын көмірдің бағасы орташа есеппен 15-20 процентке төмендеді.

Жалпы, 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымының барысы Министрліктің тұрақты бақылауында.

Назарларыңызға рақмет!

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі