Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ЖЫЛЫТУ МАУЫСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛҒАННАН БЕРІ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІМЕН 27,2 МЛН. ТОННА КӨМІР ТАСЫМАЛДАНДЫ

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мамандары Астана қаласының көмір сататын орындарына көшпелі мониторинг жүргізді. Мамандар ЖК «Сабина», «Бек-Айда» ЖШС, «Северэнергоугольснаб» ЖШС, ЖК «Айткожинов», «Магнит 21 век» ЖШС сияқты 5 нүктеге барды. Сату пункттерінде көмір жетіспеушілігі деген мәселе жоқ. Қатты отын қалаған азаматтар үшін еркін сатылып жатыр. Қазіргі уақытта Астана қаласының жалпы көмір қоры 7998,55 тоннаны құрайды. Жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері Астанаға 81,5 мың тонна көмір жеткізілген.

26 қыркүйектегі дерек бойынша 79,5 млн тонна түрлі маркалы көмір өндірді, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,8% (4,3 млн. тонна) артық. Көмір өндіретін кәсіпорындардың қоймаларындағы қорларды ескере отырып, көмірді тасымалдау жыл басынан бері 75,1 млн. Тоннаны құрады, өткен жылмен салыстырғанда 573 мыңға көп (74,5 млн. тонна). 8,02 млн. тонна коммуналдық және тұрмыстық қажеттіліктерге жөнелтілді.1-мамыр мен 24-қыркүйек аралығында теміржол көлігімен 27,2 млн. тонна көмір тасымалданды. Бұл өткен жылғыдан 1,4 млн тонаға немесе 5,4%-ға артық (2018 жылдың басынан 73,6 млн. тонна тасымалданды). Бүгінгі таңда көмір тасымалдауға 29 мың вагон жұмылдырылып отыр. Соның ішінде коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалы үшін 9 мыңға жуық вагон бөлінген. Бұл түскен тапсырыс көлемін тасымалдауды толық қаматамасыз етеді. Ақмола облысына 645 тонна, Ақтөбе облысына 46,6 мың тонна, Алматы облысына 1 189 мың тонна, Қостанай облысына 461,1 мың тонна, Павлодар облысына 348 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысына 405 мың тонна көмір жеткізілді. Жоспарланған қорлар елдің оңтүстік және батыс аймақтарында да қамтамасыз етілген.

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі